"Өйтпесе Мағжан бола ма?..."

Таяуда Алматы қаласының мәдени өмірінде елеулі оқиға болғалы отыр. Қазақстандық театрлардың қара шаңырағына айналған М. Әуезов атындағы қазақ Мемлектеттік Академиялық драма театры "Өйтпесе Мағжан бола ма?..." атты қойылымның тұсауын кеспек. Бұл – театр үшін ғана емес, әдебиет, тарих саласы үшін үлкен жаңалық десе де болады. Себебі, "Қазақтың Пушкині" атанған көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаев тағдырының бізге беймәлім ақтаңдақты тұстары көп. "Халық жауы" науқанымен екі рет ұсталып, қырық төрт жыл ғұмырының  он жылын қапаста, түрмеде өткізген ақынның қасіретті тағдыры спектакльде аяулы жары, өз өмірін Мағжанға арнаған Зылиханың әңгімесі арқылы беріледі. Драманың авторы – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Д. Исабеков.

Жаңа қойылымда Мағжан ақынның рөлін талантты актер Д. Ақмолда, жары Зылиханы ҚР еңбек сіңірген әртісі Р.Машурова және Г.Тұтова сомдайтын болады. Саханадан Б. Жақыпбекова (Мадин), Б. Тұрыс (Валерий Брюсов), Ж. Садырбаев (Валерий Брюсов), А. Сейтметов (Максим Горький), Б. Қаптағаев (Максим Горький), К. Мамытқалиев (Сергей Есенин), Е. Бектасов (Надзиратель), Ғ. Оспанов (Қажен) сынды актерларды көре аласыздар. 

Шығармашылық топ төмендегідей:

Қойылым режиссері – О. Кенебаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;

Қоюшы-суретші – М. Сапаров;

Композитор – С. Базарқұлова;

Киім үлгісінің суретшісі – Б. Әбдіманапова;

Анимация – Е. Момбаев;

Режиссердің ассистенті – Д. Ақмолда.

Премьера М. Әуезов атындағы қазақ Мемлектеттік Академиялық драма театрында 2014 жылдың 11, 19, 29 маусым күндері өтеді. 

Қазақтың Мағжанын театрдан іздеп барайық!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com