Пианиношы Нұрлан Измайловтың жеке концерті өтеді

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, асқан шебер пианиношы Нұрлан Измайлов 27 мамырда «Астана Опера» театрының Камералық залында жеке концертін береді.

Кеш бағдарламасында көрнекті композиторлардың танымал және сирек орындалатын туындылары орындалады (ал кейбір туындылар алғаш рет ұсынылмақ). Айталық, С. Рахманиновтың В. Кузоватов жасаған транскрипциясындағы «Вокализ», Ғ. Жұбанованың   Н. Измайлов жасаған транскрипциясындағы «Ақ құс туралы аңыз» балетінің Халық биі және М. Глинканың Вальс–фантазиясы т.б. Тыңдарманды П. Чайковскийдің «Жыл мезгілдері», С. Рахманиновтың Төрт кіріспесі, 23 шығарманың №4, 5, 6, 2 белгілі мелодиялары қуантады.

«Соль минор кіріспесі мен үшін жеті жасымда көрген америкалық «Ұлы Отан» деректі фильмімен байланысты. Америкалықтар  түсірген сол соғыс туралы фильмі шындыққа жанасатын, өте шынайы еді, олар Кеңес әскері қол жеткізген жеңісті, сол жайлы сюжеттерді түсірді. Ондағы ұмытылмас кадрлар кейін басқа бағдарламаларда және фильмдерде көрініс тапты, мысалы, әскери аэродромда өте көп ұшқыш болды, жүк көлігі тұр, сол жүк көлігінде рояль тұр және С. Рахманиновтың Соль минор кіріспесі ойналды. Сол Кіріспені менің ұстазым Эмиль Григорийұлы Гилельс – 20 ғасырдың ұлы пианиношысы орындады. Кейін мен дәл сол кісіден дәріс аламын деп кім ойлаған. Бертін келе мен осы шығарманы ол кісінің кемел жасында орындағанын өз көзіммен тамашаладым, әрине бұл басқа Кіріспе еді, басқа екпін», - деп Н. Измайлов еске алды.

Аталған концертте шырқалатын орыстың фортепианолық музыкасы, ерекше музыка тілінің біртұтас дәуірін ұсынады. Мәдениеттің бұл бөлшегі мыңдаған музыка сүйер қауымға, солардың жүрегіне жету үшін бағытталған. Қазақ композиторы Ғазиза Жұбанованың «Ақ құс жайлы аңыз» атты музыкасы кештің ажарын аша түседі.   

Концерттен не күтесіз деген сұраққа көрнекті пианиношы, сахна – белгісіз жаққа жасалған қадам, деп Соколовтың сөзімен жауап берді. «Қалай екенін мен білемін деген адамның сөзіне сенбеңіз. Неге десеңіз, мен өзім де сол рояльге отырған сәтте қалай боларын білмеймін, алайда ойымдағыны бұлжытпай ойнап шығуға тырысамын», - деп Нұрлан Измайлов ойымен бөлісті.

Бір бөлімнен тұратын концерт 19:00 басталады. Билет бағасы 1 500 теңгені құрайды.

Сурет: kaz.rs.gov.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина