Мүсірепов актерлері бильярдтан жарыс өткізуде

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, марқұм Атагелді Ысмайыловтың туғанына 90 жыл толуына орай 20 қараша мен 5 желтоқсан аралығында бильярдтан жарыс өткізілді. 

Осыған орай 6 желтоқсан күні сағат: 11.00 де толық финал болады. Финалға қатысатын Ғ.Мүсірепов театрының әртістері мен техникалық құрамдары қатысады. Атап айтар болсақ: Жомарт Зейнәбіл, Еділ Рамазанов, Бақыт Тушаев, Әсет Иманғали, Мұхитдин Шынтаев, Есжан Хамидуллин және т/б.


Жарысты марқұм Атагелді Ысмайыловтың ұлы Әмір Ысмайылов пен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастыруда.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: театрдың баспасөз-қызметі