"Келін" фильмінде басты рөлдің бірін сомдаған актриса Тұрахан Садықова дүниеден озды

"Келін" фильмінде басты рөлдің бірін сомдаған актриса Тұрахан Садықова дүниеден озды

Белгілі актриса Тұрахан Садықова 72 жасына толған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды kinostan.kz Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Актриса 1960-шы жылдардың соңынан бастап М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында еңбек етті. 

2009 жылы Ермек Тұрсыновтың "Келін" фильміндегі Ұмай ана рөлі үшін «Құлагер» Ұлттық кино сыйлығының «Жылдың үздік актрисасы» номинациясын жеңіп алған.

Тұрахан Садықова 1942 жылдың 20 ақпанында дүниеге келген. "Жаужүрек мың бала", "Байқоңыр", "Сталинге сыйлық", "Келін", "Отырардың күйреуі" т.б. отыз шақты киноға түскен. 

Актрисамен қоштасу рәсімі ертең, 23 мамырда Алматы облысындағы "Нұра" елді-мекенінде өтеді.  

Massaget.kz марқұмның қазасына қайғыра көңіл айтады. 

Сурет: vtracker.me, tengrinews.kz

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова 

М. Оңғарова