- Негізгі бет
- Тарих
- Аргентинаның испан билігіне...
Аргентинаның испан билігіне өтуі жайында
Еуропалықтар Аргентинаға алғаш рет 1516 жылы испан конкистадоры де Солис басшылығымен келген. Де Солис басқарған экспедицияның негізгі мақсаты Үндістанға барар жолды табу болған. Де Солис құрамы Атлант мұхитынан Тыныққа Ла-Плата өзені арқылы өтеді. Дегенмен олар жолда үндістердің шабуылынан қайтыс болады.
Испандардың отарлауына дейін Аргентинаның солтүстік-батыс территориясын үндіс тайпалары мекен еткен. Олар жер шаруашылығы, түсті метал еріту және қолөнермен айналысқан. XVI ғасырдың басында Аргентинаны жаулап алып, жаңа территорияны Ла-Плата (өзеннің атауына байланысты) деп атаған. Бұл отар жер Перу вице-корольдігінің аймағына енгізіледі. Үндістер Анд тауының жоталарына, суық оңтүстік аймақтарға күшпен ығыстырылады. Кейіннен елде феодалдық тәртіп орнап, жергілікті үндістер мен Африкадан әкелінген құлдар жұмысқа тартылады.
Аргентинада үлкен мүйізді ірі қара, қой, жылқы, сонымен қатар, бидай, қант құрағы сынды дәнді-дақылды өсіру кеңінен тарайды. Қазып алынған күміс Испанияға жөнелтіледі. XVIII ғасырда испан билігі Аргентинада өндірістік орталықтарды құруға рұқсат беріп, саудаға байланысты кейбір шектеулерді алып тастайды.
Ж. Өрісбай