Аконкагуа шыңы туралы біле жүріңіз

Аконкагуа шыңы туралы біле жүріңіз

Таулар - табиғаттың ғажайып кереметтерінің бірі. Жазық жерде тұратын адамдар үшін таулар ештеңеге ұқсамайтын ерекше бір әлем секілді. Таудың пайда болу тарихы да, оның ерекше ауасы да - тылсым құдіреттің таусылмас жұмбағы. Ғаламшарымыздағы бүкіл құрлықтың 55 % таулы өлкеден тұрады. Олар мыңдаған жылдар бойғы ішкі және сыртқы күштердің әсерінен пайда болады. Сондай-ақ әр таудың өзінің биік шыңы бар. Біз сіздерге Оңтүстік Америкадағы Анды тауларының орталығындағы әлемдегі ең биік шың - Аконкагуа туралы айтқымыз келіп отыр. 

Аконкагуа - Чили шекарасына таяу Аргентина жерінде орналасқан. Солтүстігінде және шығыс жағынан Валье-де-лас-Вакас, ал оңтүстігі мен батысында Валье-де-лос-Орконес-Инфериор тау жоталарымен шектелген. Оңтүстік Америкадағы, Батыс және Оңтүстік жарты шардағы ең биік шың. Оның биіктігі - 6960 метр. Шөгінді жыныстарды жауып жатқан андезиттен құралған. Сондықтан алғашқы кезде жанартау деп қате аталып жүрді. Аконкагуа тауының беткейлері тік, құзды келеді. Басын көп жылдық қар алып жатыр. Төменгі жағында ұзындығы 6 км 7 мұздық бар, ең үлкені - солтүстік-шығыс (поляк мұздығы) және шығыс мұздығы.

Оқи отырыңыз: 

Мерзімі шектелген суреттер

Әлемдегі ең ерекше кеңсе орындары

Логикалық сұрақтар #1

Сурет: esgeo.ru

Ж. Исакаев