Футбол тарихындағы ең оғаш матчті білесіз бе?

Бұл матч Барбадос пен Гренада ұлттық құрамаларының арасында 1994 жылы өткен. Бірінші орынды алу үшін Барбадосқа екі гол айырыммен жеңу керек болған.

Ойынның 83-ші минутында Барбадос 2:1 есебімен жеңіп келді. Қалған уақытта бір гол салудың мүмкіндік болмайтынын түсіне бастайды. Сол кезде барбадостықтар ерекше жолмен жеңіске жетуді ұйғарады. Олар өз қақпасына гол салып, қосымша уақытқа ие болады. Ал қосып берілген 30 минут барбадостықтарға бір гол салуға жеткілікті еді. Сондай-ақ, қосымша уақытта салынған бір гол екі гол есебінде саналатынын ескерсек, олар өз дегенін жасай алды.

Асығыста сасып қалған гренадалықтар да өз қақпасына гол салуға асығады. Ал сосын Барбадос құрамасына әрі өз, әрі қарсы команданың қақпасын қорғауларына тура келген болатын.

Соңында барбадостықтардың ойлаған жоспары іске асты. Матч 4:2 есебімен аяқталды.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:en.wikipedia.org