2 сәуір. Маңызды оқиғалар

2 сәуір. Маңызды оқиғалар
Фото: gstdigest.com

Мейрам мен даталы күндер

Халықаралық балалар әдебиеті күні.

Халықаралық аутизм мәселелері күні.

Мальвин аралдары (Аргентина) күні.

Халық бірлігі күні (Ресей).

Оқиғалар

1512 жыл – испан теңізшісі Хуан Понсе де Леон өзі тапқан жерді Флорида деп атады.

1525 жыл – германиялық мұғалім Томас Мюнцер жетекшілігінде шаруалар соғысы басталды.

1794 жыл – әлемдегі бірінші авиакомпания – «Aerostiers»-қа негіз салынды. Арадан екі ай өтіп әуе шарлары барлау жұмыстарына қолдалына бастады.

1860 жыл – бірлескен Италияның бірінші парламенті Туринде бас қосты.

1905 жыл – Альпі таулары арқылы Италия мен Швейцарияны қосатын жерасты жолы ашылды.

1912 жыл – «Титаник» кемесі алғашқы сынаудан сәтті өтті.

1963 жыл – Айды зерттеу мақсатында «Луна 4» станциясы ғарышқа ұшты.

1970 жыл – Катар мемлекеті Ұлыбританиядан өз тәуелсіздігін алды.

1978 жыл – Американың «CBS» телеканалында «Даллас» сериалының тұсауы кесілді. Бұл 5 аптаға жоспарланған минихикая көрермендердің қызығушылығының арқасында 13 жылға жалғасты.

1989 жыл – Палестина ұлттық кеңес орталық комитеті Ясир Арафатты өзін тәуелсіз деп жариялаған мемлекеттің президенті етіп жариялады.

Туған күндер

747 жыл – Ұлы Карл, франктар патшасы.

1618 жыл – Франческо Мария Гримальди, итальян физигі және астрономы. Айды ең бірінші болып картаға түсірген ғалым.

1805 жыл – Ганс Христиан Андерсен, атақты даниялық ақын-жазушы, балалар әдебиетшісі.

1840 жыл – Эмиль Золя, француз жазушысы, реализм жанрының негізін салушылардың бірі.

1927 жыл – Ференц Пушкаш, венгр футбол жұлдызы.

Т. Раушанұлы