11 сәуірдегі маңызды оқиғалар

11 сәуірдегі маңызды оқиғалар
Фото: twitter.com

Мейрамдар

Халықаралық Паркинсон ауруына қарсы күресу күні.

Халықаралық фашистік концлагерлерінен тұтқындардың азат етілген күні.

Ұлттық қаһармандар күні. (Коста-Рика)

Мінәжат күні. (Либерия)

Бостандық күні. (Уганда)

Оқиғалар

217 жыл – Макрин Рим императоры болды.

491 жыл – Флавий Зенонның өлімінен соң Анастасий І Византия тағына отырды.

1111 жыл – Рим папасы Пасхалий ІІ Германия патшасы Генрих V тарапынан ұрланды.

1241 жыл – Равенна табалдырығында соғыс. Франция мен Қасиетті лига армиялары арасындағы ұрыс, Француздардың жеңуімен аяқталды.

1899 жыл – Испания Пуэрто-Рико аралын АҚШ-қа тапсырды.

1919 жыл – Халықаралық еңбек ұйымы құрылды.

Туған күндер

146 жыл – Луций Септимий Север, Рим Императоры

1492 жыл – Маргарита Наваррская, француз ханшайымы, Францияның алғашқы әйел жазушыларының бірі.

1755 жыл – Джеймс Паркинсон, ағылшын дәрігері. Ол 1817 жыл науқас қолының дірілі, бұлшық еттерінің қатуы, қозғалыстың әлсіреуі және қадам басудың ақырындауынан болған жүйке ауруын зерттеп, анық диагноз қойды. Содан бері бұл ауру – “Паркинсон ауруы” деп аталады.

1907 жыл – Фрэнк Уиттл, ағылшын инженері, турбореактор қозғалтқышының атасы.

1908 жыл – Масару Ибука, “Sony” компаниясының негізін салушылардың бірі.

1953 жыл – Эндрю Уайлс, ағылшын математигі, “Ферманың ұлы теоремасын” дәлелдеген.

Т. Раушанұлы