Cұрақ-жауап уақытша тоқтатылады

Сұрақтың текстін теріңіз және айдар таңдаңыз!

Сіздің сұрағыңыз қабылданды!


Гүлнұр Маратқызы
Рубрика:Әдебиет
Күні:04 тамыз 2015, 21:38
6 жауап

Сәлем, массагеттіктер! Сіздерге қояр сауалым, мен болашақта журналист болғым келеді. Бірақ ата-анам қарсы. ҰБТ-ның ауылы да алыс емес. Маған дайындал дейді. Не істерімді білмей дал болып жүрмін. Қай пәнді таңдарымды білмеймін. Журналистикаға түсе алмайсың, балл жоғары, оның үстіне қыз баласың, ауыр болады дейді мамам. Бірақ жүрегім қалайтын мамандық - ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫ. ЖОО-ға тапсырғанда, шығармашылық бойынша емтихан болады ма? Егер осы саланы таңдасам. Осы бастан газет-журналдарға менің мақалаларым шығуы тиіс пе? Білетін болсаңыздар жауап беріңіздерші! Жауаптарыңызды күтемін!

1

Нұрбол  НұрмаханұлыНұрбол Нұрмаханұлы
05 тамыз 2015, 09:18

Сәлеметсіз бе, Гүлнұр. Егер шын мәнімен ж.үрегіңіз журналистика мамандығын қаласа бесінші пән ретінде әдебиет тілін таңдаңыз. Журналист мамандығында ҰБТ балынан бөлек шығармашылық емтихан тапсырады. Егер осы саланың жақсы көріп, бұған дейін әдиебеттен біраз жиған терген біліміңіз болса еш қиналмай өтіп кетесіз. Себебі шығармашылық емтиханды сіз секілді оқушылар тапсырған. Сіз ҰБТ жоғары балл жинап, бесінші пәніңізден неғұрлым жоғары балл жинауға тырысыңыз. Шығармашлықта конкурс ҰБТ-ның қалған төрт пәнінен бөлек сіздің әдиебиетіңіз бен шығармашылығық емтихан балыңызды қосып грантқа байқау жүргізеді. Журналист болуға еш қорықпаңыз. Өйткені егер түсе алмай қалған жағдайдың өзінде "Қазақ филологиясы" және "Қазақ тілі" мамандықтары бар. Қазірде осы маман иесінің біраз студенттері мен түлектері журналистика саласында жүр. Сондықтан айтарым, еш қорықпастан таңдай беріңіз. ҰБТ біткен соң шығармашылыққа аз уақыт ішінде шығарма жазу деген секілді тапсырмаларға дайындалсаңыз жетуі тиіс. Айта кетені, мен айтып кеткен мамандықтардың грантқа түскен ең төменгі балын қарап шығуды ұмытпаңыз. PS Өз арманыңыздан бас тартпаңыз. Өмір тәукелге барған адамдарды жақсы көреді.

+1
2

Серікбол ЕрсінСерікбол Ерсін
05 тамыз 2015, 09:35

Журналистика саласына қорықпай бара беріңіз. Егер мықты дайындалсаңыз. Оқуға түсесіз. Және шынымен біздің журналистика саласында жүрген ағаларымыз бен әпкелеріміздің көбі журналист мамандығын оқымаған. Яғни оған туыс мамандық оқыған. Журнасистика мамандығына туыс мамандыққы; Қазақ филологиясы, Қазақ тілі, Орыс филологиясы, Орыс тілі, Екі шет тілі мамнадығы, Шетел филологиясы т.б.

+2
3

Әділет УзбекбайӘділет Узбекбай
05 тамыз 2015, 14:55

Қазірде мамандықты мамасының қалауымен таңдап жатқандар көбейіп кетті.Осыған қатысты газетте мақала да шыққан болатын.Менің сізге айтарым,ертең бармағыңызды шайнап қалмауыңыз үшін өз сүйген мамандығыңызды таңдағаныңыз абзал.Бұл туралы ата-анаңызбен де дастархан басында отырып жақсылап сөйлесіңіз.Ертеңгі өмір--сіздікі.Ал газеттерге қазірден мақалаларыңызды жариялап тұрсаңыз,бұл сіздің ертеңгі болашағыңыздың іргетасын қазірден қалап жатқаныңызды білдіреді.Жақсы шыққан мақалаларыңызды ата-анаңызға көрсететін болсаңыз,бәлкім,олар ойланып,сіздің қалауыңыз жөнінде ойланып көрер.

+2
4

Айзада КасымханАйзада Касымхан
24 қаңтар 2016, 17:19

Сәлем Гүлнұр. Сені жақсы түсінемін. Менің де басымнан дәл сондай жағдай өтті, 2015 жылы мектепті бітірдім. Ия, журналист болу қыз бала үшін оңай шаруа емес. Дегенмен кез келген ортада ұтымды пікір айтып, қоғамдағы жайттар туралы мақала жазып жүрсен сол өте дұрыс Менде ата-анамның қалауымен өмір сүріп келемін. Сенің болашағыңа олар қатты алаңдайды. Журналист болу көп тәуекелділікті қажет етеді. Егер шынымен журналис болуды армандасаң, бұл мамандықты екінші мамандық ретінде алып жүруге кеңес беремін. Сен әлбетте мақалаларың мектеп кезінен баспасөз беттеріне жариялану қажет себебі шығармашылық емтиханда қажет болады. Егерде баспасөзге жариялауға мүмкіндігің болмаса маған хабарлас. Мақалаларыңды шығаруға көмектесемін.

0
5

Гүлнұр МаратқызыГүлнұр Маратқызы
04 ақпан 2016, 18:08

Қолдауыңызға үлкен рахмет! Әзірге мақала шығаруда ешқандай қиыншылық туындап жатқан жоқ) Қиындық туындай қалса сіздің көмеігңізге жүгінемін!)

0
6

Диляра ЫсқақДиляра Ысқақ
05 қаңтар 2018, 23:58

Сәлем сенің жағдайынды түсінем менде де, осыған ұқсас жағдай болды. Менің де журналист болғым келген, аудандық, облыстық газеттерде мақалалар жазатынмын. Кейін ата-анам қарсылық білдіріп, дәрігер боламын деп шештім. 11 сыныпта биология таңдадым .Шыны керек дәргер, журналистика да ұнайтын. Бірақ мен" егер жақсы дәрігер болсам,менің мақалаларым шығып тұрады". Денсаулық журналына мақаларымды жазып тұрамын деген ниетпен дәрәгерлікті таңдадым. Бірақ мен дәрігер мамандығына түсе алмадым. Қазір Қ,Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Биология мамандығын оқимын. Өкінбеймін, өйткені бұл жақтада менің журналисттік қабілеттілігім шыңдалып жатыр. Мен универдегі ең үздік "Ритор" дебат клубының мүшесімін. Мен дебат арқылы өзімнің сөйлеу мәнерімді, ойлау жүйемді, ораторлық қасиеттімді шыңдадым. Дебат жүйесі журналистика саласына қатты ұқсас. Менің журналисттік қасиеттім дебатта біраз жетістіктерге жеткізді. Және де университет газетіне апта сайын болмаса да, ара-тұра мақалаларым шығып түрат. Саған айтарым жетістікке қандай жолмен болса да жетуге болады, бастысы мақсатыңыз айқын болсын. Сенің бойындағы қасиетіңді ешкім тартып ала -алмайды.Тек қана шыңдай біл. Менің ойымша ата-анаңызды тыңдағаныңыз жөн. Ол кісілер жер бетіндегі ең асыл жандарымыз ғо. Ал журналисттік қабілетіңіз сізді ешқешан жерге қалдырмайды.

0