- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Вьетнамда әкелері әртүрлі...
Вьетнамда әкелері әртүрлі егіз балалар дүниеге келді
Фото:
turboportal.net
Вьетнамда туылған егіздердің әкелері бөлек болып шықты, − деп хабарлайды BBC News жергілікті генетикалық ассоциацияға сілтеме жасап. Ғалымдардың айтуынша, бұл өте сирек кездесетін суперфекундациялық жағдай.
Егіздердің бір-біріне мүлде ұқсамайтынын білген туыстары ДНҚ сараптамасын жасатуды талап еткен. Вьетнамдағы генетикалық ассоциацияның президенті, профессор Ле Динь Луонг сараптама нәтижесінің 100 пайыз дұрыс екенін айтып отыр. Сонымен қатар ол мұндай жағдайдың өте сирек кездесетінін алға тартты.
"Ғылымда егіздердің әкелерінің әртүрлі болуы бұған дейін он шақты рет кездесті. Мұндай жағдай бұдан да көп болуы мүмкін. Дегенмен ата-аналар мен балалары бұл туралы білмейді немесе жариялауды жөн көрмейді", − деді профессор.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін