Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен күтетін мереке
Мен күтетін мереке

Автор: Гүлжанар Жарқынбекқызы

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Сегіз егіздің оқиғасы

Сегіз егіздің оқиғасы

Сегіз егіздің оқиғасы

Егіздер туралы көптеген қызықты деректер мен оқиғалар бар. Оның бірі генетикалық зерттеу жағынан мәнді болса, екінші жағынан түсіндіруге келмейтін, адам нанғысыз оқиғаларға толы. Біреулер оны табиғаттың "туындысы" десе, басқалары магиямен байланыстырады. Әркімнің пікірі өзінде емес пе, төмендегі сегіз оқиғадан кейін сіз қандай пайымдау айтар екенсіз?

8. Тессе Монтавиоға жүктіліктің 10 аптасында егізді болатындығы хабарланады. Кейіннен дәрігерлер үшемді күтетіндіктерін анықтайды. Ал мерзімі жеткенде, Тесса егіз де емес, үшем де емес, төрт бірдей сәбиді дүниеге әкеледі. Ана да, дәрігерлер де аң-таң. Төртем болғанда, олар егіз жұптар екен. Бұл жағдай 70 миллионның біреуінде ғана қайталанады. Бақытты ата-аналар болашақта тағы да қыз баласын қалайтындықтарын айтады.

7. 1994 жылы полиция қызметкерлері өз әйелін тұншықтыруға талпынған адамды тұтқынға алады. Билік органдары қылмыскер ісімен айналысуға кіріскенде, дәл осындай есімді және сырт келбеті бірдей адамның әйеліне жасалған қастандық үшін түрмеге отырып шыққандығын анықтайды. Нәтижесінде, егіз бауыры ағасының қылмысы үшін төрт рет жаза өтегендігі белгілі болды. Сыңардан не үшін кінәні мойнына алғандығын сұрағанда, бауырын жақсы көретіндігін, қамқор болатындығын айтқан. Керек десеңіз, ол егізі үшін әскердегі борышын да өтеген екен.

6. 2008 жылы дүниеге кезекті егіз сәби келеді. Мия Вашингтон олардың бір-біріне мүлде ұқсамайтындығын байқайды да, ДНҚ сараптамасын жасауға бел буады. Нәтиже отбасы мүшелерін ғана емес, күллі медицина ғылымын таң қалдырды. Балалардың әкелері бір болмай шыққан. Ол күйеуінің көзіне шөп салған екен. Бұл балалардың егіз екендігін, бірақ әкелері әртүрлі, аналарының бір екендігін көрсетеді. Мияның күйеуі оны кешіріп, екі жігітті де туғанындай тәрбиелеп отыр.

Дәл осы оқиға басқа жағдайда тағы да қайталанды. Вильма және Вилльем Стюарт есімді егіздердің де әкелері бөлек. Жасанды ұрықтандыру барысында медицина қызметкерлері биологиялық материалды шатастырып алып, егіздің бірінің әкесі мүлде бейтаныс адам болып шықты.

5. 1989 жылы корейлік ауруханада Суэл, Сeoл, Сол және Мил есімді апалы-сіңлі қыздар дүниеге келеді. Бір қызығы – олардың төртеуі де өздері туылған ауруханада жұмыс істейді. Осы жылдың мамыр айында Суэл, Сол және Мил үйлену тойларын бірге жасайды. Сеол бір жыл бұрын тұрмыс құрған.

4. Таныстары оларды "Робот жас жұбайлар" деп атайды. Олар басқаратын мейрамхана 21 сағат  бойы, яғни таңғы сағат 6-дан, түнгі 3-ке дейін үздіксіз жұмыс істейді. Сіз ойлағандай, осыншама уақыт бойы үзіліссіз бір адамның жұмыс істеуі мүмкін емес. Дегенмен, бір қарағанда, солай көрінуі мүмкін. Асылында, егіз қызға егіз жігіт үйленіп, ортақ бизнес ашқан екен. Олар ауысым бойынша жұмыс істейді. О баста келушілер оларды бір адамдар деп ойлаған. Кейіннен, егіздердің бірі Today Morning Post басылымына сұхбат беріп, шындықты мәлім етті.

3. Қытайдағы халық санының 1,5 миллиардты көрсететіндігі бұл оқиғаны одан сайын қызықтыра түседі. Цзэн Ен және Лю Йонганг есімді сәбилер 1972 жылы асырап алуға беріледі. Цзэнді Чэнду жеріне, Люды Нэйцзян жеріне жіберіледі. Арада 40 жыл уақыт өткеннен кейін, Цзэн Нэйцзян жеріне келіп, 4 миллионнан астам халқы бар қаладан Люды көріп қалады. Адам нанғысыз ұқсастық! Олар өздерінің егіз екендіктерін бірден байқап, биолгиялық аналарын іздеуге кіріседі.

2. Егіздердің негізі фактілерінің бір – бір күнде туылуы. Әрине, оларда бірер күн айырмашылық болуы да мүмкін. Мәселен, бірі түнгі он екіде, екіншісі таңертең, үшіншісі түсте дегендей... Алайда, былтырғы жылы ирландиялық Уотерфорд қаласының Мария Джонс-Эллиот есімді тұрғыны 87 күн айырмашылығы бар егізді дүниеге әкелген. Эми атты тұңғыш қызы 1 маусымда туылады. Ол өте әлсіз болғандықтан, инкубаторға салынған. Бұл уақытта оның сіңлісі ана жатырында қалып қойды. Кэти жүктіліктің 36 аптасында, 27 тамыз күні дүние есігін ашты. Қазір екі қыздың да денсаулықтары жақсы.

1. Лилли және Джиллиан есімді апалы-сіңлілер Қытайда туылғанымен, алыс аймақтарға асырап алынуға беріледі. Асырап алуға ниет білдірген ата-аналар асырап алудың бір бағдарламасына сәйкес келіп қалады да, қыздардың қатты ұқсайтындықтарын байқайды. Қызметкерлерден егіз екендіктерін сұрағанда, олар қыздарда ешқандай туыстық қатынастың жоқ екендігін мәлімдейді. Біраз уақыт өткеннен кейін ата-аналар ДНҚ сараптамасын жасатып, егіз екендіктеріне көз жеткізеді. Бақыттарына орай, екі отбасы да Канадада тұратындықтан, бір-бірлеріне жиі барып тұрады екен. Олардың мінездерінде, дамуында ұқсастықтар көп. Мәселен, екеуі де бір күнде жүре бастаған, бір уақытта шешек аурына тап болған, Хэллоуин мерекесінде де кездейсоқ бірдей киім таңдап қалады екен.

Енді не айтасыз?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net

13870 8
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 17 қыркүйек 2013, 09:56
Пікірлер
+0
17 қыркүйек 2013, 10:40

Ия егіздердің өмірі қызық болады. Мысалы мына смайликтерде егіз :evil: :twisted: Калжын!

+0
17 қыркүйек 2013, 10:47

Қытайлық егіздердің оқиғасы бәрінен қызық болды :)

+0
17 қыркүйек 2013, 10:53

87 күн айырмашылығы бар егіз дегені қызық екен, сонда ол қалай?

+0
17 қыркүйек 2013, 10:54

бала кезімде менің де егізім болса екен дейтінмін :)

+0
17 қыркүйек 2013, 11:32

мен қазір де армандаймын)

+0
17 қыркүйек 2013, 13:51

бала кезде егізім болып, оны сабаққа жіберіп, өзім болсам үйде жатсам деп армандайтынмын.

+0
17 қыркүйек 2013, 15:57

Қатырасыз Әбу :lol:

+0
17 қыркүйек 2013, 16:48

қызық, 4 ем болғандар күшті ғой, бірақ бағу қиын. Менің туыс әпкем бар үш егіз қызы бар және ол өзі де егіздің сыңары

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...