- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Тіл туралы қызықты...
Тіл туралы қызықты деректер
- Мексика елінің кей тұрғындары сөйлейтін тіл жойылу қаупінде тұр. Себебі ол тілде сөйлейтін екі адам бірі-бірімен сөйлесуден бас тартқан.
- Америка үндісінің Зуни тайпасы жапон тіліне ұқсас. Соңғы зерттеулердің қорытындысы бойынша, олардың биологиялық сәйкестіктері расталған.
- Солтүстік Испания мен Оңтүстік Франция облыстарының тұрғындары ешқандай тілдік семьяға жатпайтын еуропалық тілде сөйлейді. Баск тілі оқшауланған тілдер қатарына кіреді. Ол тілде тек баск жұрты ғана сөйлейді.
- Оңтүстік Африка Республикасында 11 ресми тіл бар. Бұл әлемде тіркелген ең көп тілге жатады.
- Дағыстан елінің таулы аймағына өмір сүретін Арчи жұртының әр етістігі 1,5 миллион рет жіктелетін тілде сөйлейді.
- Испания құрамына кіретін Канар аралдарының сөйлеу тілі толығымен ысқырықтан тұрады.
- Дүние жүзінде жалпы саны 7000 тіл бар. Мамандардың айтуынша, олардың 2400-і жойылып кетеді. Статистика бойынша әр 14 күнде бір тіл өмір сүруін тоқтатады екен.
- Бостван халқы 5 негізгі сыртылдақ дыбыстан тұратын тілмен тілдеседі.
- Папуа мемлекеті (Жаңа Гвинея аралы) 840 тілде сөйлейді. Бұл жердегі тілдердің 1/7 бөлігін алады.
- Француз тілінде [0] дыбысын 13 түрлі тәсілмен жазуға болады.
- Лингвистика профессоры Марк Окранд «Жұлдызды жол» (Звёздный путь) киносына арнап тіл ойлап тапқан. Ол өзінің 3 жастағы баласына осы тілді үйретеді, алайда бала ер жеткен соң тілді ұмытып қалған.
- Фриз тілі – 400 мың халқы бар, нидерландықтар сөйлейтін ресми тіл. Ол ағылшын тілінде сөйлейтін адамдарға үйренуге ең жеңіл тіл болып саналады.
- Бугенвил аралын мекендейтін 4 мың адам ротокас тілінде сөйлейді. Ротокас тілі 11 әріптен тұрады. Бұл әлемдегі ең қысқа әліпби болып есептеледі.
- Ең ұзақ әліпби 72 әріптен құралған. Ол – кхмерс тілі. Оны Камбоджа мемлекетінің басым көпшілігі пайдаланады.
- Криптофазия – бір-біріне өте жақын адамдар сөйлейтін тіл. (Мысалы: егіздер)
- Барлық ұлтта өзіне тән тіл екпіндері (акцент) болады, соған сәйкес мылқау адамдардың да өздерінің тілдік екпіндері бар.
- Ватикан елінің банкоматтары нұсқауды латын тілінде береді.
- Қытай тілінде шамамен 50 мыңнан астам иероглиф бар. Газет-журналды еркін оқи алу үшін кемінде 2000-нан аса иероглиф білу керек.
- Ағылшын тіліндегі ең ұзын сөз – pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis.
Оқи отырыңыз:
Географиядағы қызықты деректер
Қасқырлар туралы қызықты деректер
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Н. Нұрмаханұлы