Обама жайлы 30 дерек

Обама жайлы 30 дерек

АҚШ президенті Барак Обама тура 53 жыл бұрын 4 тамызда дүниеге келген. Осы күнге байланысты ол жайлы қызықты деректерді жинастырдық. Оқып, танысып алыңыз.

√ Ол «Өрмекші адам» комикстерін жинаушы ретінде танылған;

√ Баскетболдағы жетістігі үшін мектебіндегілер оны «O'Bomber» деп атаған;

√ Оның сүйікті асы – әйелі Мишель жасап беретін ас шаяны қосылған лингвини;

√ Ол «Сөйлеу жанрындағы үздік альбом» аталымы бойынша Грэмми сыйлығын алған;

√ Ол солақай;

√ Гарри Поттер жайлы барлық кітапты оқып тастаған;

√ Аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің қолы қойылған былғары қолғабы бар;

√ Ол жасөспірім кезінде Баскин-Роббинс балмұздақ сататын дүкенінде жұмыс жасаған. Сондықтан да ол балмұздақты жек көреді;

√ Ол испан тілінде сөйлей алады;

√ Президенттік жарысқа түспес бұрын ол Мишельге темекіні тастаймын деп уәде берген. Тастамады;

√ Президенттікке үміткер болып, дауыс анықталар сәтте CNN арнасын қоспай, спорттық арналарды көріп отыра берген;

√ Индонезияда оның Тата атты маймылы болған;

√ Жатып 90 келі салмақты көтере алады;

√ Оның сүйікті кітабы – «Моби Дик», Герман Мелвил;

√ 1996 жылы Британияда өз қарындасының күйеуімен бірге бір кеште отырған ол бөлмеге стриптиз бишілері кіріп келгенде кетіп қалған;

√ Ол жұмыс үстелін Роберт Кеннедиден алған;

√ Обаманың туысқаны өте көп. Себебі оның әкесінің бабалары бірнеше әйелден алатын болған;

√ Обама Махатма Ганди, Авраам Линкольн және Мартин Лютер Кингтерге еліктеуге тырысқан;

√ Барактың шешесінің бабалары құл ұстаған адамдар екен;

√ Былтыр өз кітабын саудалап, 4,2 миллион доллар табыс тапқан;

√ Сүйікті фильмдері – «Касабланка» мен «Көкектің ұясының үстінен ұшқанда» (Пролетая над гнездом кукушки)

√ Обама Scrabble және покер ойындарын жақсы көреді;

√ Ол кофе мен алкогольді ішімдік ішпейді;

√ Ол президент болмаса сәулетші болар еді;

√ Бұты түсіп тұратын шалбар кигісі келмейді;

√ Ол Apple компаниясының ноутбугын қолданады;

√ Қазіргі көлігі Ford Escape Hybrid. Ал оған дейін Chrysler 300 айдаған.

√ 1500$ тұратын Hart Schaffner Marx костюмін киеді;

√ Құпия қауіпсіздік қызметінің агенттері оны «Сатқын» деп атайды, ал оны әжесі «қонжық» деп еркелетіпті.

Оқи отырыңыз: 

Барак Обаманың өмір жолы

Обаманың екінші бейнесі

Обамаға хот-дог жеуге тыйым салынды

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: goodfon.ru

А. Құлтай