«Титаник ІІ» таныстырылды

«Титаник ІІ» таныстырылды

Әйгілі Титаник кемесінің түпнұсқасын Клайв Палмер есімді миллиардер жасайтын болды, деп былтыр ақпарат жазған болатынбыз. Ендігіде «Титаник ІІ» 2016 жылы бір-ақ теңізге түсірілетіндігі белгілі болды. Алты күндік круиз Ұлыбританиядан АҚШ-қа барады. Дәл осы бағытта 100 жыл бұрын әйгілі кеме жүріп өткен еді.

Клайв Палмер - аустралиялық миллиардер

Аустралиялық қалталы кеме бортында болу үшін тіпті миллион доллар ақша төлеуге келісім берген адамдардардың да табылғанын айтыпты. Ал билеттердің құны қанша екені әлі де белгісіз.

Жоба сызбасы

Палмер таяуда өткен конференцияда кеменің жобасын таныстырды. Жоба бойынша, лайнердің ұзындығы – 270 метр болса, салмағы 40 тоннаға жетеді екен. Кеменің 9 палубасы болады, ал каюта саны – 850. Титаник-ІІ-ге 2600 жолаушы 900 экипаж мүшелерімен сияды екен. Құтқарушы шлюпкалар саны - 18. Құрастырушының сөзінше, бұл барлық жолаушыға да жетеді екен. Бұған дейінгі қасіретті жағдай болмайды, дейді Палмер.

Кеме ішінде бірінші классы осындай...

Кеме борты. Екінші классы.


Сырттай келбеті өзінің «ағасына» ұқсағанымен, кеме іші заманауи техникамен жабдықталатын болды. Тіпті желдеткіш пен интернетке қосылу мүмкіндігі де мұнда болады деп қарастырылған.

Жаңа «Титаникте» бірінші, екінші және үшінші классты жолаушылар болмақ. Және олар аттас фильмдегідей бір-бірімен көрісе алмайды-мыс.

Ал бүгінгі ғашық жастар кім болады екен?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: itar-tass.com

А. Құлтай