- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Таң қалдырған Теңіз...
Таң қалдырған Теңіз жұлдыздары
Жолыңыз түсіп теңіз немесе мұхит жағалауларына бара қалсаңыз міндетті түрде Теңіз жұлдыздарын көресіз. Олар түрлі көлемде және түрлі түсте кездеседі. PRSB басылымында көлемді зерттеу мақала жарық көрді. Мақалаға үңілсек, теңіз жұлдыздарының көзі бар екеніне, олардың түнде де көре алатыны туралы ақпаратқа көз жеткізесіз. Теңіз жұлдызы сырт көзге теңіз жәндіктерімен қоректеніп қана отырған мақұлық ретінде көрінуі мүмкін. Анығында мүлде олай емес. Бірге көз жүгіртейік.
Теңіз жұлдыздарының көбісінде ішкі көздері болады. Ол көз бірнеше қабыршақ қабаттардан және линзадан тұрады. Әр қабыршақтағы линзалар көз алдындағы бейнені барынша тұнық қылып көрсетеді. Тропикалық теңіз жұлдыздары кейбір жан-жануарлар көрмейтін жақын және алыс қашықтықтағы бейнелерді көре алады.
Ғалымдардың зерттеуінше, теңіз жұлдыздарының жоғарыда айтып өткен ішкі көздері су астында жатып, 1 км қашықтықтағы су бетіндегі күн сәулесін анық көруге бейімделген. Ал кейбірі теңіздің тұңғиық түбінде жатып та көре алады, бірақ олардың көздері анық көрмейді, сезу мүшелері сезімтал болып келеді.
Теңіз жұлдыздарын қолыңызға алсаңыз кем дегенде бес жаққа созылып жатқан аяқтарын байқайсыз. Бұл олар үшін аяқ және қолдың қызметін бірдей атқарады. Мына қызыққа қараңыз, теңіз жұлдыздары өздерінің жауларымен арпалысқан кезде бір аяқтарын алдырып қоюы мүмкін (жеп қояды). Осы кезде теңіз жұлдызы қалған аяғыі аман қалу үшін қашуға тырысады. Ал желініп қалған аяқ қайтадан жаңарып, өсу үрдісіне түседі. Бір сөзбен айтқанда, регенерация болады.
М. Ақан