Теңіз суы не үшін тұзды болады?

Теңіз суы не үшін тұзды болады?
Фото: Zastavki.com

Уақыт өте келе біз түрлі сұрақтарға тап боламыз. Кейбірінің жауабы да жоқ, кейбірінің жауабы дұрыс емес. Сол сұрақтардың бірі «теңіз суы не үшін тұзды?». Шынымен де осы жайында ойланып көрдіңіз бе?

Бұл жайында ұзақ зерттеу жасап, оған өз жауабын берген зерттеуші де жоқ емес. Ол – Эдмунд Галлей. Ол 1715 жылы зерттеу жасай келіп мынандай ой айтады: «теңізге келген тұз құрлықтағы топырақтан келген. Тек тұз емес, минералды заттардың бәрі суға ағып келген»-дейді. Одан бөлек Галлей мұзит, теңізбен араласпайтын көлшіктердің де тұзды болып келетінін анықтаған.

Зерттеушінің тұжырым дұрыс шығып, ол өз еңбегін дәлелдей алды. Талай жылдар, ғасырлар бойына болған өзгеріс арқылы мұхитқа тұз және түрлі минералдар жиналған.  Бірақ біз бұл теорияға қай жағынан сенсек екен. Себебі алып мұхитты тұздықпен қамтамасыз ету үшін өте үлкен қор керек. Тіпті тұздың бұл қорынан биіктігі 230 км, қалыңды 2 км болатын қабырға тұрғызуға болады екен. Немесе жердегі тұздың қоры Еуропа құрлығынан он бес есеге көп.

Өлі теңізді естуіңіз бар болар, сол теңіздің көлемі 728 кв.км ғана. Ал ондағы тұздың қоры – 10 523 000 000 тонна.

Теңіз суын бір апта бойына ішуге болады. Одан артық пайдалануға болмайды. 

М. Ақан