- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Парижде 1 жыл...
Парижде 1 жыл өмір сүру – 183 тал темекі шеккенмен бірдей
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде қатерлі ісік туғызатын бірінші фактор – ауаның ластануы. Ал Франция астанасы Парижде 1 жыл өмір сүру 183 дана темекі шеккенмен бірдей екен.
"Le Parisien" газетіннің мәліметіне қарағанда, қаладағы 1 текше метр ауа құрамында 22 микрограмм улы элементтер бар. Бұл 2 тал темекі шегудің зияны Парижде 4 күн өмір сүргенмен бірдей деген сөз.
Париждегі ауаның ластанғаны сондай, тіпті дене шынықтырумен айналысқанның өзі пайда бермейді, керісінше денсаулығыңызға зиян. Өткен жылы Париж метросындағы ауаның ластығы сыртқы ауадан 10 есе көп екені анықталған.
Қала мэрі Анн Идальго 2 жыл бұрын Мексикада өткізілген "С40" қала мэрлері құрылтайында 2025 жылғы дейін ірі қалаларда жанармаймен қозғалатын көліктерді пайдалануды доғару туралы мәселені көтерген еді.
Т. Раушанұлы