Оңтүстік Корея жайлы таңғажайып деректер

Оңтүстік Корея жайлы таңғажайып деректер

Оңтүстік Корея өзіндік ерекшелігі бар елдердің бірі, ал оның тарихы драмалық сәттерге және күрт өзгерістерге тұнып тұр. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін Корея Республикасы әлемнің кедей елдерінің қатарында болған. 1959 жылдың мәліметтері бойынша, мемлекеттің әр оныншы адамы туберкулезбен ауырған, ал әр жүз адамы – алапеске шалдыққан. Елдің кейбір жерлерінде ғана суқұбыры болған және халықтың 90%-ы өзен суын және қоғамдық құдықтарды пайдаланған. Бірақ бірнеше жылдың ішінде Оңтүстік Кореяда экономикалық өсу қарқын алды, және егер 1963 жылы халықтың жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім 100$-ды құраса, бүгінде 31000$-дан асады.

Экономиканың қарқынды өсуі өмір салтының да батыс стандарттарына қарай, кейде тіпті адам айтқысыз түрде өзгеруіне ықпал етті. Бірақ соған қарамастан көптеген салттарын сақтап қала алды және бұл Оңтүстік Корея бейнесінің жарқын сипаты болып табылады.

1. Маскүнемдік


Алкоголь – бұл Оңтүстік Кореяның ежелгі жауы, ал маскүнемдік деңгейі бойынша мемлекет әлем бойынша 7-ші орында. Корейше маскүнемдіктің өз ерекшелігі бар. Корей қызметкерлерінің дерлігі айына бір рет, ал көбі тіпті әр демалыста отырыс жасап, сылқылдатып ішімдік ішуді әдетке айналдырған. Осы іспеттес шаралар хоесик (“hoesik”) деп аталады және мұндай отырыс кезінде көп ережені ұстану маңызды. Мысалы, егер жасы үлкен адам шарап құйып жатса, онда жасы кіші адам стақанды міндетті түрде екі қолымен ұстап тұруы қажет. Егер жасы кіші адам үлкен адамға құйып беріп жатса, онда шөлмекті екі қолымен ұстап құяды. Тек зейнеттегі адамдар және биліктегі адамдар ғана бір қолмен құйып, іше алады. «Hoesik» кезінде тостар бірінен кейін бірі айтылады және бәрі ішуі міндетті. «Корпоративтік мәдениеттің» осы іспетті дәстүрлері үшін Оңтүстік Корея әлем бойынша халықтың жан басына шаққанда ішімдік ішуден 13-ші орында, ал тұтынылатын таза спирттің қайта санағы бойынша әр азаматқа 15 литрден келеді. Азия елдерінің арасында – бұл нағыз рекорд.

2. Қызыл сия


Әр ұлттың өзіндік қызықты салттары болады. Мысалы, Оңтүстік Кореяда қызыл сиямен біреудің атын жазса, жақын арада ол адамға жаман бірдеңе болады деп сенеді. Олар қызыл сиямен жерлеу рәсіміндегі арнайы нышанға өлген адамдардың атын жазады. Осылайша мәйітті шайтандардан қорғауға болады деп сенеді, ал тірі адамдар үшін қызыл сия – қорғаудың емес, қарғыс тілеудің белгісі.

3. Қол алысу


Дөрекі немесе күлкілі көрініп қалмас үшін Кореяда қол алысуды жергілікті ережелерге сай жасау керек. Әлеуметтік деңгейі бірдей адамдар және жақын достар бір қолмен амандасады. Бірақ егер бастық пен қызметкер қол алысып жатса, немесе жас айырмасы үлкен болса, онда үлкен адам қолын ұсынады, ал кішісі оны міндетті түрде екі қолымен қысады.

4. Корея мен Жапония қарым-қатынасы


Оңтүстік Корея мен Жапонияның қарым-қатынасы ешқашан жылы болған емес. Нақтырақ айтсақ, өте жаман, не жаман болып тұрады. Өткен кезеңдерде Корея мен Жапония арасында әскери қақтығыстар жиі болып тұрған, ал 1910 жылы Жапония тіпті Кореяны жаулап алып, тілі мен ділін насихаттай бастайды. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезеңінде Жапония Кореяға баса көктеп кіріп, сарбаздар жан түршігерлік қылмыстар жасайды. Және сол үшін олар әлі күнге дейін Кореядан кешірім сұрап келеді.

Бүгінде екі ел бір топ аралды бөлісе алмауда. Корейлер Токто деп, ал жапондар Такэсима деп атайтын аралдарды әрқайсы өздеріне тиесілі деп есептейді. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін аралдар Кореяға өткен болатын, бірақ Жапония олардың егемендігі үшін әлі күнге дейін таласып келеді.

5. Белдемшеге қатысы


Оңтүстік Корея көп жағдайда өте консервативті ел. Бірақ мұның киімге еш қатысы жоқ. Бүгінде кез келген әйел мини белдемше кие алады және оны ешкім қудалап, ала көзімен атпайды. Алайда 1979 жылға дейін Оңтүстік Кореяда әйелдер киімі қатты бақылауда болатын. Ұзындығы тізеден жоғары аспайтын белдемшемен қатар, шаштың ұзындығы да регламенттелген болатын.

Жақында, елдің үкімет басшылары БАҚ өкілдері киімдерінің еркіндігіне біраз тосқауыл қою керек деген ұсынысқа қоғам дүрлігіп, үкімет байырғы жеккөріншті дәстүрлерді қайта қалпына келтіргісі келеді деген айыпталулар таңылды.

6. Дәретханалар саябағы


Оңтүстік Кореяда тематикалық саябақтар өте көп. Әрі ақылға сыймайтын тақырыптарды қамтиды. Мысалы, Samsung Electronics  корпорациясының басты ғимараты ораласқан Сувон қаласында дәретханаға арналған көңіл көтеру саябағы бар. Ол 2012 жылы қала әкімі Сим Дже Дуктың құрметіне ашылған. Ол да өз кезегінде Бүкіләлемдік дәретханалар ұйымының ұйымдастырушысы және өкілі болған. Ұйымның жұмысы үшін 2007 жылы Сим Дже Дук дәретхана формасындағы арнайы ғимарат тұрғызған. Оның өлімінен кейін 2009 жылы ерекше ғимаратта мұражай ашылған.

Дәретханалар саябағында әр ғасырда және әр елдердің дәретхана жабдықтары, сонымен қатар адамдардың мүсіндері қойылған көрме жұмыс жасайды. Саябаққа кіру тегін.

7. Пластикалық ота

Оңтүстік Кореяда пластикалық хирургияға бәрі байсалдылықпен қарайды, сол себепті ешкім оны жасырын істеуге ұмтылмайды. Корей әйелдерінің «пластикаға» әуестігі сонша, 2009 жылдың статистикасы бойынша әр бесінші корейлік әйел қандай да бір пластикалық ота жасатқан. Тіпті кейбір ата-аналар баласының мектеп бітіруіне орай пластикалық ота жасатуға сыйлық ұсынады екен. Көбіне отаны мұрынға және қабаққа жасатады. Бұл операциялар ең оңайы, тіпті «негізгісі» десе болады. Кореяда осыған байланысты «Кіруге рұқсат етіңіз» деген реалити-шоу да бар. Қатысушылар операцияға дейінгі және кейінгі өмірлері жайлы сыр шертеді. Және көбі операцияға дейінгі өмірлеріне разы емес екендерін айтады. Әрине, пластикалық хирургия үлкен тәуекелділікті қажет етеді. Сәтсіз жасалған жағдайларда беттің жансыздануы немесе тіпті сал болып қалу қаупі бар. Бірақ көп қыз бұл тәуекелді сұлулық жолында құрбандық деп түсінеді. Корейліктер мұнымен батыстық стандарттарға еліктейтінін көрсетеді, бірақ әлі мойындамай келеді.

8. Коррида


Кореядағы корриданың өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда арнайы сұрыптаудан өткен бұқалар ғана шайқасады. Дене бітімі сәйкес келетін бұқаны арнайы фермаға жібереді. Онда ол жаттығулар курсынан өтіп, шөп пен сұлыдан өзге балық, жылан және сегізаяқтан тұратын ерекше спорттық диетаға отырады.

Шайқас алдында агрессиялығын тудыру үшін бұқаларға ішімдік ішкізеді. Алаңдағы шайқас бірнеше секундқа, бірнеше сағатқа созылса да, өліммен аяқталуы екіталай. Жеңілгенін түйсігімен сезген бұқа өзінен басым түскен қарсыласынан қаша бастаса шайқас аяқталды деп саналады. Жеңімпазға қомақты қаржылай сыйлық табысталады.

9. Медузаларға арналған терминаторлар


Медузалардың көбеюі көп ел үшін проблемаға айналып отыр. Бұл тіршілік иелерінің бір жерде көп шоғырлануы балықшылыққа кедергі келтіреді, ал қаптаған медуза курорттық аймаққа жүзіп келсе, жергілікті тұрғындар қалтасынан қағылады, өйткені туристер медузалардан оттан қашқандай қашады. Швецияда медузалар желдеткіш жүйесінің құбырын бітеп қалғандықтан атом электростанциясының жұмысын тоқтата тұруға мәжбүр болған.

10. Медузалардың көбеюінің алдын алу үшін Корея Ғылым және Технологиялар институтында JEROS деген атпен арнайы роботтарды жасақтап жатыр. Роботтар мұхитта жүзіп жүріп, кездескен медузалардың көзін құртып отыратын болады. JEROS сағатына 900 кг-ға жуық медузаны өлтіреді деп жоспарлануда. Мұндай өнімділікпен жағажай суы әрдайым медузадан таза болады.

Сурет: bigpicture.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

Корей халқының үйлену тойы

Сеул - Корей елінің астанасы

Корей кино жұлдыздарының тағдыры

Оңтүстік Корея жаңа ойын-сауық қаласын салатын болды

Оңтүстік Кореяда өткен ерекше флешмоб

A. Mustafina