- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Сеул - Корей...
Сеул - Корей елінің астанасы
Сеул қаласы Оңтүстік Корей елінің алты ғасырлық тарихи бар астанасы. 10 млн халқы бар ірі қала. Дүниежүзілік қаржы мен өнеркәсіп орталығы. «Сеул» сөзі «астана» деген мағына береді. Қала атауын бірнеше мәрте ауыстырған. 1948 жылы Сеул деп аталынды.
Жалпы мәлімет
Корей Республикасының астанасы
Әкімшілік-аймақтың бөлігі: 25 ку (аудан)
Тілі: корей тілі
Этникалық құрылымы: кәріс ұлты, кішкене бөлігі қытай ұлысы
Діні: буддизм, христиан
Ақша бірлігі: Оңтүстік Корей вонасы
Ірі әуежайлары: Инчхон халықаралық әуежайы, Кимпхо әуежайы
Ірі өзені: Ханган
Аумағы: 605,25 шаршы шақырым
Халық саны: 10 208 302 адам (2009 ж)
Халықтың тығыздығы: 16 866,2 адам/шаршы шақырым
Климаты: муссонды, қаңтар айында орташа температура көрсеткіші 2,7 градус, шілде айында 25 градус, бір жылдық жауын-шашын мөлшері 1345 мм
Экономика: ірі іскерлік орталығы, ірі көлік жол торабы, көлік жасау, электроника, құрылыс ісі, білім орталығы, сауда, банк секторы, туризм, телекоммуникация қызметі
Сеулдің көрікті жерлері
1. Кенбоккун сарайы. Қаладағы бес сарайдың бірі. Чосон әулеті заманының бас сарайы. Чосон әулеті 14-20 ғасыларда Корей елін басқарды. Сарайды әулет басшысы Ли Сон Ге салған. Ли Сон Генің ықпалымен Корей астанасы Кенджу қаласынан Сеул қаласына ауыстырылды.
2. 1405 жылы салынған Чхандоккун сарайы. Чосон әулетінің құрылыс сипатын сақтап қалған жалғыз сарай. Сарай аумағында Бивон бақшасы немесе «құпиялы бақша» бар.
3. Чосон әулеті құлаған соң 1920 жылы Чогес ғибадатханасы Чинул тақуа ықпалымен салынды. Ғибадатхана Чоге орденіне тиесілі. Орденнің қол астында 1500 ғибадатхана бар. Ең ірісі Чогес Сеул қаласында орналасқан.
4. Намсан тауы – Сеул қаласының нышаны. Шыңында субұрқақтары, Сеул мұнарасы, ботаника бағы, кітапхана орналасқан.
5. Итэвон ауданы. Бұл ауданда 2000-ға жуық дүкендер мен ойын-сауық кешендері бар.
6. Чонме корольдік қабірі Чосон әулеті құрылған кезде салынған. Бұл жерде барлық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар сақталған. Сонымен қатар, әр жыл сайын мамыр айының басында мерекелік шара ұйымдастырылады.
7. Кенбеккун сарайында орналасқан Корей елінің ұлттық этонографиялық мұражайы. Мұражайда 4000 құнды жәдігері Корей елінің бар болмысын, тарихын, мәдениетін айқындайды.
Сеул қаласында өткізілетін фестиваль
2003 жылы бекітілген «Сәлем, Сеул» фестивалі шетел туристерін тарту және өсіп жатқан халық санымен қаланы ашу мақсатында жыл сайын мамыр айында өткізіледі. Фестивальге тек қана корей шығармашылық бірлестіктері ғана емес, 11 мемлекеттен келетін басқа да шығармашылық ұжымдар қатысады. Фестивальде дәстүрлі және классикалық музыка, сахналық қойылымдар көрсетіледі.
Суреттер ғаламтор беттерінен алынған
Ғ. Ұзақ