- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Марста да қар...
Марста да қар жауады
Жақында ғалымдар ұзақ уақыттық бақылау нәтижесінде Марста да қар жауатынын дәлелдеді. Бірақ, осыған дейін ғалымдар Марста жауған қарды тұман құбылысы деп келген болатын. Ғалымдардың айтуынша, Марс бетінде тұрып, жауған қарды көруге болмайды екен. Қар түйіршіктері тым кішкене болып, әдеттегі адам көзіне көрінбейді. Сондықтан егер Марс бетінде тұрсаңыз, жауған қар бейне тұман түсіп келе жатқандай әсер етеді екен. Ал алыстан бақылағанда бейне алып тұмандар қалыптастырған бұлт қабаты секілді көрініс пайда болады.
Ал Марста қыс мезгілінде түскен қар құрғақ мұз секілді. Марс бетіне түскен кезде де оңай ери қоймайды. Ондағы қыс мезгіліндегі орташа температура нөлден төмен 120-ны көрсетеді. Сондықтан да Марс бетіне түскен қар жер бетіндегі секілді оңай біріге қоймайды. Бейне ұсақ құм секілді.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек