Аппақ-аппақ қар...

Аппақ-аппақ қар...

Назарларыңызға қар туралы қызықты мәліметтерді ұсынамыз.

  • Әлемнің ең мықты деген ғалымдары жасаған зерттеу жұмыстары жер бетінде бір-біріне ұқсас қарды таппаған.
  • Әрбір қардың 95 пайызы ауадан тұрады. Сондықтан да оның құлау жылдамдығы өте аз болып келеді (0,9 км\сағ).
  • Қар түсінің ақ болуы себебі ауаның көптігіне байланысты.

  • Тарихта өзге де түсті қар жауған кездер болған. Мәселен, 1969 жылы Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында Швейцарияда қара қар, ал 1955 жылы Калифорнияда жасыл қар жауған.
  • Антарктиданың биік тауларында алқызыл, күлгін, қызыл, сары түсті қарлар кездеседі.
  • Қарды суға салғанда біртүрлі қызық дыбыс шығарады. Ғаымдар бұл дыбыстың балықтарға ұнамайтындығын айтады. Су мекендеушілері суға түскен қардан қашатын көрінеді.
  • Қыстыгүні қар күн сәулесінің 90 пайызын қайтарып тастайды да, жерге қыздырынуға мүмкіндік бермейді.
  • Әлемдегі ең алып қар 1987 жылы 28 қаңтар күні АҚШ-тан табылды. Оның диаметрі 38 см-ге жеткен.
  • Қардың сықырын -2 температурада аяқпен басу арқылы естуге болады.
  • Жер планетасының жартысына жуық елдері қарды өмірлерінде көрмеген.

 

 Суреттер:mytravel.in.ua,vseznaichik.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева