Марс ертеде көк түсті болған

Марс ертеде көк түсті болған
Фото: foxnews.com

"Қызыл жұлдыз" деп атап кеткен Марс планетасы кезінде көк түсті болған деседі. Бұл туралы Токио технологиялық институтының ғалымдары мәлімдеді.

Fox News хабарлағандай, институт ғалымдары "Аллан Хиллс (ALH) 84001" деп аталатын метеоритке сараптама жасаған. Ал бұл метеорит Марстан 4 миллиард жыл бұрын бөлініп шыққан. Кейіннен Жерге құлаған. Оны 1924 жылы Арктикадан тапқан. Зерттеушілер метеорит сынығында карбонат (минерал) барын анықтаған.

- Карбонат минералы көбіне жер асты суларында болады. Біз тапқан "олжа" Марстың кезінде ылғалды және органикалық заттарға бай болғанын байқатады. Демек онда бұрын тіршілік болса керек... Тіпті көк түсті болуы да мүмкін, - дейді ғалымдар.

 

Сондай-ақ зерттеушілер метеорит құрамында азот барын да анықтаған.

-  Екі негізгі теория бар: азот метеоритте Марста болғанда қалыптасуы мүмкін, әлде сырттан кейін пайда болған. Бәлкім, Күн жүйесі тарихында Марсқа соқтығысқан аспан денелері көп болған. Олар органикалық заттарға бай метеорит немесе кометалар болуы мүмкін, - дейді зерттеуші Ацуко Кобаяши.

Марстың қызыл түсті болмағаны жайлы осыған дейін Nature Geoscience зерттеуінде де жазылған еді.

Н. Үсенова