Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Марс сіз ойлағандай қызыл болмаған

Марс сіз ойлағандай қызыл болмаған

Марс сіз ойлағандай қызыл болмаған

Жер шары мен Марс планетасы сіз ойлағандай әр түрлі емес. Nature Geoscience жариялаған зерттеуге сенсек, бұрын Қызылжұлдыз шөлге қарағанда жазира далаға ұқсас болған. Жақында Curiosity аппаратының жинаған ақпаратын зерттеген ғалымдар Марс осыдан 3,5 миллиард жыл бұрын өзен-көлге толы болған деген тұжырымға келді.

Curiosity құрылғысы не тапты?

Curiosity аппараты Марсқа 2011 жылдың 26 қарашасында Atlas V 541 зымыранымен ұшырылды. Робот Қызыл планетаға 2012 жылдың 6 тамызында қонған еді. Қазір Марста Curiosity-ден бөлек Opportunity деп аталатын ровер жұмыс істеп жатыр. Осыдан 6 жыл бұрын да дәл осы аппарат Марстың бетінен су іздерін тапқан болатын. Ғалымдар Марстың бетіндегі топырақтың әр келісінің 2%-ына дейін су болады деген батыл тұжырымға келген.

2018 жылы NASA мен Google бірігіп жасаған Қызылжұлдыздың интерактивті картасынан Curiosity-дің қай жерде болғанын аңғаруға болады. Құрылғы Гейл кратерінің маңына қонып, Шарп тауына қарай беттеген. Бұл жерде жиналған деректер бойынша он бір тоғай мен өзендердің ізін тапқан.

Curiosity командасының басшысы Уильям Рапиннің айтуынша, құрылғыны Марстың уақыт өте қалай өзгергенін анықтау үшін арнайы Гейл кратеріне бағыттаған. Гейл — Марстағы диаметрі 150 шақырым болатын үлкен кратер. Ол Марстың экваторына жақын жерде орналасқан. Астрономдардың пікірінше, кратер осыдан 3,5–3,8 миллиард жыл бұрын үлкен астероидтың құлауынан пайда болған. Бұл кездері Марста су болғандықтан уақыт өте келе кратерді су басып қалған. Су мен жел уақыт өте өз ісін тындырып, кратерде қабат-қабат жыныстардың пайда болуына әсер еткен.

Қазіргі таңда Шарп тауына бет алған Curiosity құрылғысы тың деректерді жинауда. Ғалымдар осы арқылы қашан Марстың жазира даладан шөлге айналғанын анықтап көрмек. Бір анығы Қызылжұлдызда ыстық және суық кезеңдер алма-кезек ауысып отырған.

Марста тіршілік бар ма?

Бұл сұраққа әзірге ғалымдар жауап беруге дайын емес. Ең алдымен Марстағы климаттың қашан және қалай өзгеріп отырғанын, микробты тіршілікке қолайлы кезеңнің қанша уақытқа созылғанын анықтау қажет. Бұл үшін ғалымдар Саттон аралын зерттеп көрмек. Жақында ғалымдар Curiosity аппаратынан алған деректерден Марстағы Гейл кратерінде ежелгі заманда тұзды көлдің болғанын анықтаған. Саттон аралы деп аталатын аймақта судың шөгінді жыныстары жиналған. Ғалымдар осы бір жерден лай жарықтары мен минералды тұздарды тапқан. Марстағы Саттон аралы алғаш рет 2017 жылы суретке түсірілген. Екі жыл бойы жүргізілген зерттеу нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келген: лай жарықтары бұрын болған тұзды көлдің кеуіп кетуінен пайда болды. Бұл процесс бірнеше мәрте қайталанған.

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Zopplo
Қосылған күні: 21 қазан, 16:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.