- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Лондонда зергерлік бұйымдар...
Лондонда зергерлік бұйымдар дүкені тоналды
Пасха мерекесіне орай барлық дүкен 4 күнге жабылған болатын. Сол демалысты сәтті пайдалана білген қарақшылар Лондондағы Хаттон-Гарден деген жерде орналасқан зергерлік бұйымдар дүкеніне ұрлық жасайды. Тоналған бағалы тастар мен зергерлік бұйымдардың құны 300 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр.
Олар шахта арқылы ғимараттың екінші қабатынан жертөлеге түсіп, ішке кіру үшін арнайы бұрғылайтын құралдарды пайдаланған. Соның көмегімен 50 сантиметр қалыңдықтағы жарды тесіп, операцияны толық орындау үшін бірнеше күн жұмсаған.
Темірсандықта тұрған құнды заттарды жымқырған қарақшыларды құзырлы орган қызметкерлері әлі ұстаған жоқ. Алайда саусақ белгілері мен ДНҚ сараптамаларының нәтижесіне сүйене отырып, бұл іске 2013 жылы Берлиндегі Volksbank банкін тонаған қылмыскердің қатысы бар екенін мәлімдеді.
Ұқсас жазбалар:
Көктемгі сән: Қазақтың ұлттық әшекей бұйымдары
Сурет: wallbox.ru
Ж. Исакаев