Әлемдегі ең қымбат iPhone 5

Әлемдегі ең қымбат iPhone 5

Жақында филиппиндік зергер тарихтағы ең қымбат iPhone 5 телефонын жасап шықты. Стюарт Хьюз есімді бұл зергер осыдан бұрын қалталы тұтынушылардың тапсырысы бойынша меруертпен апталған iPhone 4, ақ алтынмен апталған MacBook air компьютері және алтынмен апталған iPad 2 секілді техникалық құрылғыларды көркемдеген болатын.

Зергер Стюарт Хьюз

Ол құны 15 миллион 300 АҚШ доллары болатын бұл iPhone 5 телефонын қытайлық саудагердің тапсырысы бойынша көркемдеген. Суреттегідей телефон қабына 24 К-тық алтын жалатылған. Негізгі «Home» батырмасына 26 К-тық қара алмас орнатылған. Ал телефон артындағы «Алма» белгісіне 53 түйір алмас, жиегіне 600 түйір алмас жабыстырылған. Сонымен, бұл Аpple тарихындағы ең қымбат телефон болып бағаланып отыр. Оның құнына iPhone 5 телефонының 18 мың данасын сатып алуға болады екен. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек