Қытай кәсіпкері Rolls-Royce тарихындағы ең қомақты тапсырыс жасады

Қытай кәсіпкері Rolls-Royce тарихындағы ең қомақты тапсырыс жасады

Қытайлық кәсіпкер Стефен Хунг Rolls-Royce маркалы автокөлігіне компания тарихындағы ең қомақты тапсырыс жасады.

Бизнесмен құрылыс жұмыстары аяқталмаған Louis XIII қонақ үйіне арнап 30 ұзартылған Phantom седанын жасатуға Rolls-Royce компаниясымен келісімге отырған. Louis XIII қонақ үйі 2016 жылы Макау қаласында ашылады.

Барлық көліктің ішкі және сыртқы көріністері Хунгтың талаптары бойынша Ұлыбритания елінде өңделіп, қарастырылады. Көлік ішіне қойылатын сағаттың сәндік дизайнын Graff Luxury Watches фирмасы арнайы айналысады.

Екі көлік Rolls-Royce тарихында тапсырыс берілген ең қымбат «Фантом» болмақ. Себебі темір тұлпардың барлық сәндік бөлшегі алтынмен апталады.

Сонымен қатар, компания мамандары көліктерден бөлек Louis XIII қонақ үйінің көлік тұрағын жобалауға көмектеседі. Және де, құрылыс жұмыстары аяқталған соң компания тікелей көлік жүргізушілерді дайындаумен шұғылданады.

Louis XIII қонақ үйінде жатын бөлмелерден басқа казино ойынханасы бой көтереді. Қонақ үйдің ең қымбат нөмері 1  күнге 130 мың АҚШ долларын құрайтын болады.

 

Оқи отырыңыз: 

Әуеде ұша алатын ең алғашқы көлік жасалды

Қытайлық оқушылар мектепке 5 сағат жүріп барады

Моңғолиялық қазақ альпинисі Массагет сайтына сұхбат берді

Кішкентай Жапонияда адам аяғы баспаған жер бар дегенге сенесіз бе?

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.bakdar.org,news.infocar.uaautoplus.su

Н. Нұрмаханұлы