- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Әуеде ұша алатын...
Әуеде ұша алатын ең алғашқы көлік жасалды
Словакиялық компанияның қызметкерлері 20 жыл бойы жасаған ең алғашқы ұшатын көлік «Aeromobil 2.5» атты жетістіктерімен бөлісті. Аталған көлік әуеге көтеріліп, өзінің ең алғашқы саяхатын жүзеге асырды.
20 жыл жұмыс барысында бас құрастырушы Штефан Кляйн 4 түрлі ұшатын құрылғы жасап шығарған. Оның ең соңғысы көлік және ұшақ деп аталатын екі режимде жұмыс істейді. Оның қозғалтқышына арнайы майдың қажеті жоқ болғандықтан, әдеттегі көліктер секілді бензинмен жүреді және көлік тұрағында тұрады.
Салмағы 450 келі болатын "Aeromobil 2.5" 500 шақырымға дейін ұша алады. Жердегі максималды жылдамдығы – 160 ш/сағ., ал аспанда - 200 ш/сағ.
Кляйн қазір тек компьютерлік нұсқасы бар "Aeromobil 3.0" құрылғысын жасауда. Иесі аэромобильдің дәл осы моделі инвесторлардың тартылуына себепші болатындығын айтады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: buro247.kz
Қ. Бүйенбай