- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қояндар басып алған...
Қояндар басып алған арал
Окуносима — Жапонияның Такехара, Префектура, Хиросима қалаларына жақын жатқан кішігірім арал. Аралдың екінші атауы - «Қояндар аралы». Бұлай аталудың өзіндік себебі бар. Бұл өңірде 300-ден аса қоян емін-еркін мекен етеді. Олардың бұл аралда қалай пайда болғаны әзірге жұмбақ болып отыр. Бірақ, 1971 жылы саяхаттап келген мектеп оқушылары сегіз бірдей қоянды осы өлкеге тастап кеткен деген аңыз бар. Содан бері қояндар аралды «басып алған» көрінеді.
Мұнда қояндардың саны адам басынан да көп. Себебі, бұл аралда 1945 жылдары улы газ өндіретін аса құпия әскери база болған екен. Ұлы Отан Соғысынан кейін, бұл база өртеліп, тұрғындар мен жұмыскерлер аралды тастап кеткен.
Бүгінгі таңда бұл аралда қояндар ешқандай қауіп-қатерсіз өмір сүріп жатыр.
Адамдар арасында қорқақтығымен белгілі бұл жануарлар келген туристерді еш жатырқамайды. Қорықпақ түгілі олар келушілерді қуана қарсы алады екен.
Себебі, туристер аралға қыс айларында жиі келіп, қояндарға азық әкеліп тұрады екен. Өйткені, қыста жаз мезгіліне қарағанда табиғи азықтар аз болады.
Окуносима аралына жыл сайын 100 мыңдай турист келеді. Сонымен қатар, аралда туристерге арналған қонақүй мен шатырлар, гольф ойынына арналған алаң да бар.
Аралдың ұзын құлақты тұрғындарын қорқытып алмас үшін мұнда келушілерге ит немесе мысық алып кіруге рұқат етілмейді.
Тіпті, 2012 жылы Ұлыбританияда ВВС арнасы Окуносима қояндары туралы телесериал түсірген екен.
Оқи отырыңыздар:
2. Жануарлар да фастфудпен тамақтанса не болады?
3. Сотталған жануарлар болғанын білесіз бе?
Сурет: adme.ru
Е. Жұмабайұлы