- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Көл ортасындағы жалғыз...
Көл ортасындағы жалғыз мұнара
Италияның Ресиа көлінің ортасында жалғыз мұнара тұр. Ол осыдан 60 жыл бұрын су астында қалған Граун қаласының мұнарасы.
Ертеректе екі көлді қосып, бір үлкен көл жасауды жоспарлаған. Бұл іске жергілікті тұрғындар қарсы болғанымен, беделді компаниялар өздерінің ойларынан қайтпаған. Сөйтіп су қоймаларының ортасында орналасқан қала су астында қалыпты. Бірақ бұл қоңыраулы мұнара керемет құрылыс үлгісі екенін дәлелдеп, әлі күнге дейін көл ортасында сақтаулы тұр.
Бүгінгі таңда туристер жағалауда қыдырып, таңғажайып табиғат көріністерін тамашалай алады. Ал қыста су қатқанда мұнараның қасына барып көреді.
Оқи отырыңыз:
Вьетнам туралы қызықты деректер
Дәстүр сөйлейді. «Атбайлар» және «Аушадияр»
Ағайынды жігіттердің қардан жасаған керемет мүсіндері
Сурет: Huffington Post
Ж. Исакаев