Ағайынды жігіттердің қардан жасаған керемет мүсіндері

Ағайынды жігіттердің қардан жасаған керемет мүсіндері

Нью-Брайтонда тұратын ағайынды үш жігіт Остин, Коннор және Тревор Бартцтар әр қыс сайын үйлерінің алдына қардан мүсіндер жасайды. Осы жылы олар 4-метрлік теңіз тасбақасын құрды. 

Жігіттер өздерінің жұмыстарын қарды бір жерге үйіп бастайды екен. Ал бірнеше апта өткен соң үйілген қардан ойлаған мүсіндерін жасайды. Ағайындылар - өте адал ниетті жұмысшылар. Қардан тасбақа жасау үшін олардың 300 сағат уақыты кеткен. 

Соңғы төрт жылдың ішінде олар басқа да керемет мүсіндерді жасап, ғаламторда танымал болды. Ағайынды жігіттердің тамаша туындыларын назарларыңызға ұсынамыз. 

Оқи отырыңыз:

Жерде жатқан бөтелкені көтерген қыз зор қошеметке бөленді

Люксембург туралы қызықты мәліметтер

Әлемдегі ерекше дуэльдер


Cурет: www.kare11.com

Ж. Исакаев