- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жұлдызнама. Бір-бірі үшін...
Жұлдызнама. Бір-бірі үшін жаралған жұптар
Жұлдызнама жайлы айтқанда жұрттың пікірі екіге жарылады. Біреулер сенгісі келеді, біреулер мүлде қарсы, енді біреулер үшін тіпті маңызды емес.
Астролог мамандар адамдардың бір-бірімен тіл табысуы, араласуы мен отбасы болуы жұлдызнамаға да байланысты деп айтады. Қазақта "бір-біріне жұлдызы қарсы" деген сөз де бар. "Жұлдызы жарасқан жұптар" деп те айтып жатамыз.
Жуырда аустралиялық астролог Келли Фокс жұлдызнама белгілерінің айрықша тізімін жариялады. Ол бұл еңбегінде бір-бірімен тіл табысып, бақытты жанұя болатын белгілерді атап шыққан. Оларды бір-бірі үшін жаралған жұптар деп те атапты. Ендеше қандай белгілер?
Тоқты мен Мерген жұлдызнамасындағы жандар бір-бірі үшін жаралғандар қатарында. Тез тіл табысып, бірінің ойын бірі алып кете алатындай дәрежеде. Сондай-ақ, шаян мен сарышаян белгілері де берік қарым-қатынаста бола алады, әрі романтиканы жақсы көреді.
- Шаян мен сарышаян белгілері бүкіл өмірлерін бір-бірінің көзіне қарап өткізе алады, - дейді астролог.
Тауешкі мен Бикеш белгілері де өте жарасымды жұп бола алады екен. "Бикештер – махаббат сезімі жолында бәріне мән беретін талғампаз жандар, ал сабырлы тауешкілер мұны толықтыра алады" - дейді маман.
Егіздер мен Суқұйғыш, Шаян мен Балықтар, Таразы мен Егіздер, Бикеш пен Торпақ, Арыстан мен Мергендер арасындағы қарым-қатынастар да берік болады екен.
Н. Үсенова