- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жер шары 2℃-қа...
Жер шары 2℃-қа жылыса не болады?
Күн жүйесіндегі жалғыз тіршілік көзі – біз өмір сүріп жатқан Жер шары. Жер шары – тұрақты ауа температурасын, тіршілікке негіз болатын қалыпты өмір салтын сақтап отырған планета. Ал егер оның қалыпты жағдайы бұзылып, Жер 2℃-қа жылып кетсе ше? Онда алаңдауға тура келеді.
БҰҰ осы мәселенің алдын алу үшін халықаралық Париж келісім жасаған. Бұл келісім бойынша «өнеркәсіпке дейінгі 2℃-қа төмен деңгей» қарастырылған. Аталған келісім өнеркәсіптің таза ауаны ластамай тұрған кезінде жасалған.
Соңғы жиырма жыл ішінде Жердің 2℃-қа жылынып кетуіне байланысты саяси жиналыстар болып келеді. Тіпті Еуропа Одағы, «Үлкен сегіздік» пен G7 – осы қатарда.
Сонымен, 2℃ неге сонша маңызды?
Бәрі 1975 жылы экономист Уильям Нордхаустың әлемдік жылынуды байқауынан басталды. Ол өзінің достары арқылы Халықаралық қолданбалы анализ жүйесі институтынан карбонат газын бақылауда ұстауға болатын-болмайтынын сұрастырды. Себебі, экономист Жердің 2 градусқа жылынып кетуі тарихта болмаған апат әкелуі мүмкін екенін алға тартты.
Экономист "2 градус" түсінігін қайдан алды? Нордхаус ғылымға негізделді. Карбонат газының планетаны жылытып жіберетінін түсінді. Ол ғана емес, ғалым бұл жағдайдың түбі болатынын айтып, ол 2030 жылы болуы мүмкін деп болжам жасаған.
Соңғы 20 жыл ішінде ғалымдар әлі дабыл қағып, бұл мәселенің өте өзекті екенін айтып келеді. 1992 жылы осы бағытта жұмыс жасайтын, бақылау жасап отыратын арнайы БҰҰ жанына орталық құрылды. Соңғы рет Жердің жылынуы осыдан 11 000 жыл бұрын орын алған.
Түйіндей келген кезде, 2℃ жерде қуаңшылық әкеліп қана қоймай, құрғақ ауамен адамдардың өмір сүруін тоқтатуы мүмкін. Апаттың алдын алу үшін жасап жатқан амалдардың бәрі – осы бағытта. 2030 жылға жақындап баруы мүмкін деп отырған болжамға тікелей себепкер – өнеркәсіп. Сондықтан, әлемдегі алпауыт елдер өздерінің өнеркәсіп саласына келген кезде мұқият әрі таза болғаны абзал.
М. Ақан