Ғалымдар дабыл қақты!

 Ғалымдар дабыл қақты!
Фото: ofigenno.com/

Табиғат – жұмбағы мен сыры көп, тылсым әлем. Бірде адамзатты қуанышқа бөлесе, бірде апат әкеліп бәрін құлазытып алады. Жүз жылдар бойына зерттеу жасап келе жатқан ғалымдардың өзі әлі нақты шешімін таппаған тылсым дүниелер қанша ма?!

Әлем ғалымдары тағы да дабыл қақты. Басты себеп мұздық басып жатқан Антарктида аумағында сіз бен бізге беймәлім жанартау табылды. Бұл алып жанартау ошағының биікті 3850 метрге дейін барады. Жанартаулар саны – 91.

Геологтардың айтуынша бұл Шығыс Африка еліндегі алып жанартаулар сілемінің жалғасы деп түсіндіреді.

«Біз таң қалып отырмыз. Мұндай көп көлемдегі жанартауларды кездестіреміз деп ойлаған жоқпыз. Біз әлі де қауіпті әрі қызықты тылсымға жолығамыз деп ойлаймын»,-дейді зерттеуші Роберт Бингем.

Ғалымдар нақты бұл жанартаулардың қаншылықты ояу екенін айта алмай отыр. Бірақ ғаламдық жылынудың әсері болып жатқанын жоққа шығармады.

Сондықтан ғалымдар жергілікті жердегі күннің жылынуы, мұз қатпарында жатқан жанартаулардың оянып кетуіне әсер етуі мүмкін деп алаңдап отыр.

М. Ақан