- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жер бетіндегі ең...
Жер бетіндегі ең кішкентай адам қайтыс болды
Америкалық Самоада әлемдегі ең кішкентай адам – непалдық Чандра Бахадур Данги 76 жасына қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы «Kathmandu Post» басылымы хабарлап отыр.
Дәрігерлердің алдын ала анықтамасы бойынша, Чандра Бахадур Дангидің өліміне өкпесіндегі кінәрат себеп болған. Жұма күні ауруханаға түскен ол араға бір күн сала көз жұмды. Линдон Джонсон атындағы медицина орталығы әлемдегі ең кішкентай адамды ажалдан аман алып қала алмады.
Чандра Бахадур Дангидің есімі Гиннестің рекордтар кітабына тіркелген. Оның бойы небәрі 54,6 сантиметр ғана болған. 2012 жылы арнайы тексеруден кейін тегі непалдық тұрғын Гүл Мұхаммедтің (Үндістан) рекордын жаңартқан еді. Үндістандық тұрғынның (1997 жылы қайтыс болған) бойы 57 сантиметр болған. Сондай-ақ, жер бетіндегі тірі ең кішкентай адам атағы да Чандр Бахадур Дангидің еншісінде болатын.
О. Сансызбай