Әлемдегі ең ұзын және ең қысқа адам кездесті

Әлемдегі ең ұзын және ең қысқа адам кездесті

Әлемдегі ең ұзын адам Сұлтан Косен мен ең кішкентай адам Чандра Бахадур Данги кездесті. Кездесу Гиннес рекордтар кітабына 60 жыл толу мерейтойында өтті. Бойы 2 метр 51 сантиметр Сұлтан Косен кітапқа 2009 жылы енсе, 54,6 сантиметрлік Данди 2012 жылы кірген.

Айта кетейік, мерейтой Англияның астанасы Лондон қаласында қыркүйек айында өтті. Жиынға рекордтар кітабына енген рекордсмендер қатысты.

Сурет: islam.kz



Ж. Исакаев