Жапонияда "Қар фестивалі" өтеді

Жапонияда "Қар фестивалі" өтеді

Хоккайдо аралының Саппоро қаласында жыл сайын «Қар фестивалі» ұйымдастырылады. Фестиваль кезінде мүсіншілер шеберліктерін ортаға салады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл қала қонақтарына арналған үлкен мереке екен.

Мұндай дәстүр Жапонияда 1950 жылдан бері бар. Алғашында жоғары мектеп оқушысы жай ғана қызғушылықпен Одари саябағында қардан жануар мүсінін жасайды. Өнердің бұл түрін тамашалаған жұрт оны бірден ұнатып, әрі дамытып әкеткен.

Бұл фестиваль 1972 жылы Саппоро қаласында өткен «Қысқы Олимпиада ойындарынан» кейін бірден танымал болады. Олимпиада ойындарына келген туристер қардан жасалған композицияларды көріп, тамсанған. 1974 жылдан бастап Саппоро қаласында қар мен мұздан мүсін жасау бойынша «Халықаралық конкурстар» өте бастады.

Жыл сайын «Қар фестиваліне» мыңдаған мүсінші мен туристер арнайы келеді. Қазір олардың саны 2 миллионнан асып жығылады. Қала тұрғындары көбіне кеш мезгілінде келгенді ұнатады. Себебі, бұл уақытта саябақ шамшырақтары жағылып, мүсіндерге "жан бітеді". Онымен қоса келушілер шанамен сырғанап, сноуборд немесе фристайл спорт түрімен айналысады.  

Оқи отырыңыз: 

 

Сурет: www.terra-z

Н. Нұрмаханұлы