• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Интернетте танысқан жұп бірінші кездесуде төбелесіп қалды

Интернетте танысқан жұп бірінші кездесуде төбелесіп қалды
Фото: tn.kz

Қытайдың қалаларының бірінде бір қыз бен жігіт Интернет арқылы танысып, бір-біріне ғашық болады. Бірақ олар алғашқы кездесулерінде төбелесіп қалған. Оқиғаны куәгерлер түсіріп алып, Қытайдың көптеген интернет-ресурстарына шығарды, кейін YouTube желісіне де жүктелді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Жастар бір-бірін суреттегідей елестеткен. Олар кездесу кезінде бір-бірінің шын өмірдегі бейнесіне көңілдері толмай қалыпты. "Өзіңе қарашы, түрің қандай! Суреттерде тіпті басқа көріндің!", - деп айғайлайды қыз. Бұдан кейін ол жігітті сөмкесімен ұрып, "пайдаланып кеттің" деп айыптайды. Жағдайды көшедегілерге көрсеткісі келген жігіт смартфонындағы суреттерге нұсқайды: "Қараңыздар. Мені Интернет арқылы шақырды. Қараңыздар мына тауықтың маған не жібергенін. Бұл не сонда, өзі ме?".

Жанжал кезінде қыз оны "нақұрыс" деп атайды. Жігіт оны итеріп құлатып, жайына кетеді.

М. Бисембаева
Logotype Massaget