Швеция – бүгінде өмір сүру сапасы ең жоғары елдердің бірі. Скандинавия түбегінде орналасқан ел өткен ғасырда нейтралды саясат ұстанып, бірде-бір соғысқа араласпаған. Сондай-ақ, экономикалық дамуы капиталистік бағытта өсіп, жоғары мүмкіндіктерге ие болған.
Швед тілінде «иә» сөзі қалай айтылады екен? Мұны әуесқой туристердің бірі анықтап көріпті. Оның швед тіліндегі аудармасын тіпті сөз деуге де келмейді (мүмкін, диалект болар). Ел азаматының бірі мұның Швециядағы климаттың суықтығынан қалыптасқанын айтады. Ол қалай дейсіз бе? Ендеше төмендегі видео арқылы өзіңіз куә болыңыз.
Сауалнама видеосы Швецияның Умео қаласында түсірілген.