- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- ХХІ ғасырдағы ең...
ХХІ ғасырдағы ең ұзақ "ғарыш спектаклі" болып өтті
Кеше Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Орталық Азия мен Аустралия жеріндегі елдердің халқы Ай тұтылуының куәгері болды. Тек Солтүстік Америкада өмір сүретін халықтар ғана мұндай табиғат ғажайыбын көруден құр қалды. Қазақстанда Айдың тұтылуы Астана уақытымен 00:23-те басталды.
Табиғат оқиғасы түн ортасында басталып, сағат 01:30-да Жер серігі толық тұтылды. Ал, 03:13-те толық тұтылу аяқталып, жалпы, "ғарыш спектаклі" 04:19-да тәмамдалды. Аспан денелерінің тұтылуы сирек кездеседі, бүгінгі Ай тұтылуы осы ғасырдағы ең ұзақ құбылыс болды.
ХХІ ғасырда Ай 225 рет тұтылады. Олардың 85-інде толық тұтылады екен. Осы ғасырда Ай 6 рет 3 сағаттан артық тұтылса, түнде бұл 4 сағатқа жақын болды. Мұның себебі Жер серігінің апогей (Жерден ең алыс қашықтықта болу) нүктесінде орналасып, Жердің көлеңкесінен көп кіші болғандығында. Жер көлеңкесі Айдың көрінетін бетін толық жапқандығы себепті ол қанқызыл түске боялды.
Айта кетсек шілде айының соңында Ай тұтылуынан өзге, Марс та Жерге жақындайды. Батыстық басылымдар қызыл ғаламшарды да көпшілік анық болмаса да, барлай қараса байқай алады деп жазып жатыр. Қызыл ғаламшар Жерге максимал түрде жақындайды. Бұл шамамен 20 миллион шақырым. Сол кезде түнгі аспанға қарасаңыз Марс Юпитер ғаламшарынан да жарық болып көрінеді. Мұндай табиғат оқиғасы келесіде 17 жылдан соң яғни 2035 жыл 15 қыркүйекте болады.