- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- БҰҰ жаһандық жылыну...
БҰҰ жаһандық жылыну салдары туралы айтты
Әлем елдері жаһандық жылыну себебінен болатын табиғи апаттарға жол бермеу үшін "қоғамның барлық салаларында тез және болашақты көздейтін өзгерістерді" енгізуі керек. Мұндай пікір БҰҰ-ның халықаралық мамандар тобының баяндамасында атап өтілді.
Баяндамада жазылуынша, 2030 жылда ғаламшарымызда ауа-райы 1,5 градусқа дейін артады. Бұл жаппай құрғақшылық, өрт қауіптілігі, азық-түлік жетіспеушілігі қауіптілігін арттырады. Сонымен бірге, жаһандық жылыну әсерінен мәңгі мұздар еріп, мұхит деңгейі көтеріледі. Бұл су тасқындары мен әлем эканомикасына залалын тигізеді.
Ауа-райының көтерілуіне жол бермеу үшін 2030 жылға дейін парниктік газдарды шығаруды 45 пайызға азайтып, 2050 жылы болса 0 пайызға жеткізілу көзделіп отыр.
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш 2017 жылы әлем мемлекеттері табиғи апаттар кесірінен жалпы 320 миллиард доллар зардап шеккендігін мәлімдеді. Ол ауа-райының жылдам ысып бара жатқандығы сондай, бұл туралы есеп беруге үлгермей жатқандығын да айтып өтті.
2015 жылы 197 ел климаттың өзгеруіне байланысты Париж келісіміне қол қойған еді. Жиында 2100 жылға дейін орташа температураны өндірістік дәуірге дейін болған межеден 2 градустен көп мөлшерде көтерілуіне жол бермеу мен соның алдын алу шаралары туралы мәселе көтерілген еді.
Ал 2018 жылы қазан айында "Нобель" сыйлығының лауреаты болған Пол Ромер парниктік газдарды шығаруды азайтуға болатынын баяндамасында атап айтқан еді. Ол: "Адамзат улы газдарды шығаруды азайта алады. Біз оны азайту үшін әрекет еткенде, улы газдарды тоқтату біз ойлағандай қиын емес екендігіне көз жеткіземіз", – деді. Тағы да Ромер озон тесігі анықталғанда ғалымдардың алаңдағанын, бірақ көп өтпей бұл мәселені адамзат шешкеніне тоқталып, жаһандық жылыну да осыған ұқсас мәселе екендігін тілге тиек етті.
Айта кетейік осыған дейін егер адамзат алдағы 17 жыл ішінде жер бетіндегі ауа-райына деген көзқарасын өзгертпесе, Жер атмосферасындағы өзгерістерді кейін тоқтата алмай, ауаның орташа температурасы +2 градустан асып кетуінің алдын алу мүмкін емес болып қалатындығы туралы жазған едік.
Т. Раушанұлы