- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Бұл қызық: Қытайдағы...
Бұл қызық: Қытайдағы хайуанаттар бағы
Қытайдағы хайуанаттар бағында аңдар мен адамдардың орны ауысқандай. Қалай дейсіз бе? Адамдар аңдарды бақ ішінде торланған көліктермен тамашалай алатын болса, аң атаулылар, керісінше, еркін кезіп жүр.
Қытай елінің Чунцин қаласындағы хайуанаттар бағы бүгінде бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен танылды. Себебі, мұнда келген жандар жыртқыш аңдарды бетпе-бет көре алады. Оларды тамашалығысы келгендерді арнайы жабдықталған көліктермен алып жүреді.
«Біз баққа келушілерге ұмытылмас әсер қалдырғымыз келеді,- дейді хайуанаттар бағын таныстырушы Чан Лиань, - Келушілерімізге алдын-ала қауіпсіздік шараларын түсінідіреміз, тордан қолын не саусақтарын шығаруға болмайды, өйткені аш жолбарыстар оны жемтігіне айналдыруы мүмкін».
«Өзге хайуанаттар бағында бұндай әсерге ешқашан бөленген емеспін. Біз оларға таңқалып қарасақ, олар бізге жемтікке қарап тұрғандай қарайды»,- дейді ерекше хайуанаттар бағына келушілердің бірі.
Егер, сіз де осы хайуанаттар бағының қонағы болғыңыз келсе, онда аспан асты еліне жол тартуыңызға тура келеді.
Оқи отырыңыз:
1. Дубай ханзадасының қызығушылықтары
2. Үндістанда кокосты баспен жарады екен
3. Әйгілі Алькатрас аралы туралы біле жүріңіздер
4. Тау баласы тауға қарап өседі
Сурет: mixstuff.ru
Е. Жұмабайұлы