Дубай ханзадасының қызығушылықтары

Дубай ханзадасының қызығушылықтары

Араб ханзадаларының өмірі, олардың бос уақытында немен айналысатындығы бәрімізді қызықтырады. Бүгін біз сіздерге Біріккен Араб Әмірлігінің тақ мұрагері, Дубай ханзадасы - Хамдин бин Мохаммед бин Рашид аль-Мактум туралы қызықты мағұлматтар айтатын боламыз. 

Шейк Хамдан – әлемдегі атақты ханзадалардың бірі. Оны Фазза деп те атайды. Ол 1982 жылы монарх отбасында дүниеге келген және жоғарғы білім алған. Фазза – диснейлік Алладинге өте қатты ұқсайды.

Шейх Хамдан Дубайдағы Рашид мектебінде оқып, содан соң Ұлыбританияның абыройлы оқу орындарының бірі Сандхерсте білім алады. Сонымен қатар Лондондағы экономикалық колледжде де оқиды.

Фазза ханзаданың табысы 18 миллиард АҚШ долларынан асады. 

Ханзаданың көптеген қызуғышылықтары бар. Ол ат спортын өте жақсы көреді және ат спортынан Азия ойындарының алтын медаль иегері.

Сонымен қатар ханзада суретке түсіру өнерін жақсы көреді, өзінің жеке парақшасында осы өнердің қыр-сырлары туралы кеңестер береді.

Ол аймақтың қоғамдық және саяси өміріне қатысып, құнды пікірлерін де бөліседі.

Дубай ханзадасының жеке өмірі бұқаралық ақпарат құралдарынан жақсы қорғалған. Алайда оның 2008 жылы некелесіп, көп ұзамай некелерінің бұзылғандығы белгілі болды. Ал одан кейінгі ханзаданың жеке өмірі туралы ешқандай дерек жоқ. 

Сурет: kaz.tengrinews.kz, facebook.com

Оқи отырыңыз:

99 жастағы Нобель сыйлығының лауреаты дүниеден өтті

Арыстанның тілін тапқан адам (видео)

Әнші Әсел Қарсыбаеваның алғашқы альбомы жарыққа шықпақ

Үндістанда селфи жасағысы келген студенттерді пойыз басып кетті

Ж. Исакаев