- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Бермуд үшбұрышына қатысты...
Бермуд үшбұрышына қатысты тағы бір сыр ашылды
Бермуд үшбұрышы – Жер шарының сырлы нүктелерінің бірі. Бұл жерден ұшатын, жүзетін су және әуе кемелері жұмбақ түрде жоғалып кететіндіктен адамдар Бермуд үшбұрышындағы апаттарды әртүрлі табиғи құбылыстармен, жатпланеталықтармен байланыстырады. Жақында ғалымдар тағы бір қызық мәліметтің шетін шығарды.
Бермуд үшбұрышы: ақиқат пен әпсана
Зерттеушілер әр жылдағы мәліметтерді салыстыра отырып Бермуд үшбұрышы аймағында орналасқан Саргассо теңізіндегі дауылдар әр он жыл сайын күшейе түскенін анықтады.
Дауылдың орташа жылдамдығы Бермуд ұшбұрышындағы 100 шақырым радиуста 1955-2019 жылдар аралығында сағатына 56-дан 117 шақырымға дейін өскен. Яғни он жыл сайын желдің жылдамдығы сағатына 10 шақырымға артып отырған.
Атлант мұхиты, Саргассо теңізінде орналасқан бұл аймақ Флорида, Бермуд, Пуэрто-Рико аралдарымен қоршалған үшбұрышта орналасқандықтан осылай аталады
Өзгерістер жаһандық жылынуға байланысты. Теңіз бетінің жоғары температурасы одан да күшті тропикалық циклондар тууына сеп болады. Сонымен қатар бұған дейін бұл өте маңызды рөл атқармайды деп есептелгенімен, дауылдың пайда болуына теңіз түбіндегі температура да әсер етеді.
Тропикалық циклондар жылы және ылғал ауа көтерілгенде пайда болады, су буы жаңбыр түрінде конденсацияланады және процестен алынған құрғақ ауа төмендейді. Нәтижесінде жер үсті суы салқындайды, бірақ теңіз түбіндегі су жылы болса, ол көтеріліп, дауыл тұрады. "Нәтижесінде күн райы ысыған сайын дауыл да күшейе түседі" - дейді ғалымдар.
Айта кетейік, 2018 жылы Ұлыбританиядағы Саутгемптон университетінің зерттеушілер тобы Бермуд үшбұрышының айналасындағы қауесеттердің ғылыми негізін табу үшін зерттеу жүргізеді.
Зерттеуге сәйкес, бұл аймақта кемелердің жоғалып кетуіне толқындар себеп болған.
Бермуд ұшбұрышында 30 метр биіктікке жететін өте тік толқындардың болатыны белгілі. Толқындар күшті дауылдың бір уақытта бірнеше нүктеде қозғалуы нәтижесінде пайда болады.
Бермуд үшбұрышына қатысты қызықты мәліметтерді Бермуд үшбұрышы: ақиқат пен әпсана мақаламыздан оқи аласыздар.
Т. Раушанұлы