- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Аспан асты еліндегі...
Аспан асты еліндегі "қазық үйлер"
Аспан асты елінде "қазық үйлер" деген атау жиі естіліп тұрады. Мемлекеттің бір қаласындағы бір орын бұзылып, орнына көп қабатты ғимарат салынатын болса, ал оған жергілікті тұрғындарының бірі қарсы болып өз үйін бұздырмаса, үкімет ол үйді қалдырады. Осылай бұл үй "қазық үй" атауына ие болады.
Бұл әрекеттен екі тарап та ұтпайды. Құрылысшылар үй иесінің қарсылығына байланысты алдағы құрылыс істеріндегі жоспарын өзгертіп отырады. Тіпті кейде оның қарсылығына қарай жаңа ғимараттардың ескі үйді айналып өткен кездері болған екен. Адамдар жаңа үйлерінде тұрып жатқанда ол сол баяғы ескі құжырасында қала береді. Назарларыңызға сондай үйлердің бірнешеуін ұсынамыз.
Наньниндегі жым-жырт мөлтекауданының біріндегі жекеменшік үй.
Чунциндегі үй. 2009
Шэньчжэньдегі үй иелері ғимараттың бұзылуы үшін ақша талап етіп жатыр.
Жартылай бұзылса да көшуді қаламаған үй иелері бұл жерде бір жылға жақын тұрды. Үкімет ауыз суы, электр қуатын үзіп қойғаннан кейін ғана көшуге мәжбүр болған.
Хэфэй, 2010 жыл
Көпқабатты үйлер арасындағы жекеменшік үй.
Өз үйіндегі әйел. Шанхай орталығы 2010 жыл.
Т. Раушанұлы