Альбинизм - ғажайып сый ма, әлде ауыр тағдыр ма?

Альбинизм - ғажайып сый ма, әлде ауыр тағдыр ма?

Альбиностар - жұмбақ, әдемі, таңғажайып жаратылыс иелері. Олардың өте сирек екенін есепке алсақ, бұларды нағыз табиғат ғажабы десе болады. Алайда олардың өмірі жеңіл ме?

Альбинизм - ағзадағы пигменттер жүйесінің ауруы. Дәлірек айтсақ, альбинизм - пигменттің жоқ болуы. Альбинизм құбылысы Ежелгі Рим мен Грекия жазбаларынан бері көрсетіліп келеді.

Ақ түсті жануарлар табиғатта сирек болса да, кездеседі. Оларды альбиностар деп атайды. Альбиностар адамдардың арасында да кездеседі. Оларды тану қиынға соқпайды: ақ шаш, бозарған ақ тері, мөлдір кірпіктер. Еуропа ғалымдарының зерттеулері бойынша, 20 мың адамның бірі ғана "таза қанды" альбинос болады. Олардың терісі ақ, шаштары ақшыл, көздері қызыл келеді. Ал Нигерияда 3000 баланың бірі таза альбинос болады екен. 

Альбиностардың жаратылысы өздері сияқты сиқырға толы. Адамның не жануардың альбинос болып жаралуын ғалымдар түрліше түсіндіреді. Кейбіреулері бұны гендік кодтың мутациясы, басқалары ауру деп ұғынады. 

17000 адамның біреуі - альбинизм қасиетін қандай да бір мөлшерде иеленуші. Альбинизмге шалдыққан адамдардың көрумен қиындықтары болады, терілерінің зақымдану мүмкіндіктері жоғары. 

425d2383e8ab

Жануарлар әлемінде албинос болған қауіпті. Аппақ жануарды жыртқыштар бірден байқап, ас қылады. Ал аңшы альбиностар жасырына алмағандықтан, тағамсыз қалады.

49125458_597cbecaf8ee
4847a342791d1 albinos021209-3

49123544_5b52b2914e32

albinos021209-5

x606_12 1216232450_albinos_45

Альбинизмге қарама-қарсы қасиет - меланизм жайлы жазған болатынбыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: lifeglobe.net

С. А