- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Меланист тіршілік иелері...
Меланист тіршілік иелері
Меланизм - қандай да бір жануардың қара түсті болып жаралуы. Басқа түсті жануарлардың арасында осындай түрлері сирек болса да, кездеседі екен.
Меланизм кең тараған жануар - үлкен мысықтар. Қара бабыр - үлкен мысықтарда жиі кездесетін меланизмнің жақсы мысалы. Латын Америкасында ол - қара ягуар, Алия мен африкада - қара қабылан, Солтүстік Америкада - қара қабылан не пума. Ғалымдардың айтуынша, қара мысықтардың жүйке жүйесі қарапайым түрлерге қарағанда жақсы дамыған болады.
Жануардың қара түсті болып туылуы меланин пигменттеріне байланысты. Олардың пайда болуы тұқым қуалаушылық қасиеттердің өзгеруімен түсіндіріледі. Меланизм қасиетін мутациямен де түсіндірсе болады, алайда ұрпақтың қара болып пайда болуы жүктілік кезіндегі жағдайлар мен гендердің сәл бұрмалануына әкелетін басқа да жайттардан болуы мүмкін.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: vk.com
С. А