Дубайда әлемдегі ең биік әткеншек салынбақ

National Geographic сайтының хабарлауынша, Дубай әлемдегі ең биік әрі үлкен әткеншек салмақшы екен. «Дубай көзі» деп аталатын бұл құрылыстың биіктігі - 210 метр. Ол Англиядағы «Лондон көзі» (биіктігі 290 ағылшын милі) үлкен әткеншегі биіктігінің 3 есесіндей болмақ. «Дубай көзінің» жұмысы 2015 жылы аяқталады. Үлкен әткеншек құрылысының жоба қызметкерлерінің айтуынша, ол жылына 3 миллион саяхатшы тартуы мүмкін. Хабарда айтылғандай, биік әткеншек 1,5 миллиард АҚШ доллар көлеміндегі қаржы жұмсалатын үлкен «Жасыл су аралы» қалашығында орналасады екен.

Аталған нысанды салуға жауапты Meraas компаниясының жетекшісі Һабай: «Дубай көзі» Дубай қаласындағы «еңдердің» санын тағы көбейтеді деген сенімдеміз» деді.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: nationalgeographic.com