Ақ түсті жалғыз ағаш

Қайың – жер шарындағы ақ түске ие жалғыз ағаш. Ал оның ақ қайың аталуы оның сипатын тіптен ашады.

Табиғатта мойыл, алма тəрізді жеміс ағаштарының гүлі ақ болып көрінгенімен, шын мәнінде олай емес. Бір қарағанда ақ қар жауып тұрғандай елестеуі мүмкін. Алайда гүлге ақ түс беруші пигменттің жоқ екенін шын мәнінде дәлелденген. Егер ақ түсті пигмент болса, бұл гүлдерден өндіріске қажет табиғи ақ түсті бояу өндірілуі тиіс еді.

Əлгі ағаштардың күлтелері өте ұсақ, түссіз қар кристалдары тəрізді мөлдір клеткалардан тұратыны белгілі болған. Яғни көптеген өсімдік гүлдерінің ақ түсі белгілі бір бояу затының қатысуынсыз болатын жалған реңк қана. Ал қайыңда мұндай емес, нағыз ақ түс беретін бояу заты бар.

Егер ақ қайыңға сүйкеніп кетсеңіз болды, киімнің əр жерінде бор тəрізді ақ зат жұғып қалатынын көреміз. Қайыңның бұл ақ түсті сыртқы қабыршағын халқымыз "қайыңтоз" деп атаса, ғылымда қайыңның қабық клеткаларында жиналатын ақ түсті бояу зат "бетулин" деп аталады. Қайыңның табиғи ақ түсі адамдардың қызығушылығын тудыратындықтан, одан табиғи ақ түсті өнімдер жасауға тырысқан.

Ақ қайың – сұлу ағаш. Талай ақынның шабытына ерік берген. Мәселен, Шашубай ақынның "Ақ қайың", "Сырлы қайың" тәрізді әндері бар, сол сияқты "Ақ қайың" атты халық әні бар.