51 Аймаққа 2 мыңнан астам адам жиналды

Екі мыңнан астам адам АҚШ әскери-әуе күштерінің Невада штатындағы 51 Аймақ атымен танымал Homey Airport базасына жиналды. Бұл туралы Associated Press басылымы мәлімдеді.

51 Аймақтың маңына жиналғандар осылайша базаға құрмет көрсетті. Алдын ала айтылғандай ешкім 51 Аймақтың территориясына кірмеген. Жиналғандардың басым бөлігі жақын маңдағы Хайко мен Рейчел қалаларының тұрғындары.

- Қақпадан ары өтуге болмайтынын бәріміз білеміз. Бірақ біз бүгін осындай жиналып, музыка тыңдап көңіл көтерсек - мұның өзі бір жетістік болар еді, - дейді фестивальге келушілердің бірі.

51 Аймақ АҚШ-тың құпияланған нысандарының бірі. Өткен жылдан бері бұл базада жаңа әуе технологиялары сынақтап өтіп жатыр деген болжам бар.